Тарихи мұражайларды аралады
«Тылсым Торғайға тур» жобасының блог-туры аясында бір топ тревел блогерлер қасиетті Торғай жеріне келді.
Олар алдымен аудан орталығындағы тарихи мұражайларды аралады. Торғай тарихын зерттеуші туристтер құрамыменк елген саяхатшылар қатарында, Тревел-блогер Амандық Әмірхамзин, гид, саяхатшы Жәнібек Қорғанұлы, тәуелсіз журналист Болатбек Қожан, «Қасқа жол» ютуб арнасының жүргізушісі, тележүргізуші Жамбыл Зейнуллин, қазақ мәдениеті мен тарихын насихаттаушы Дастан Әбіш, фотограф Арман Байсадықов, блогер, журналист Қалима Тәжіқұл, блогер, Анар Төлеухан бар. Арнайы келген саяхатшылар Торғай тарихымен, тұлғаларымен, олардың тұтынған заттарымен танысты. Қажетті мағұлұматтар алды.
«Жалпы өзім бұрыннан туризм саласына қызығатынмын. Гуманитарлық сала маманы болсам да тыңнан, жаңашыл дүниелерге бүйрегім тартып тұратын әдетім бар. Бір кездері индустрия және технология министрлігінде қызмет еттім. Сонда жүріп, соңғы үш жылда ішкі туризм жайында біраз зерттеулер жүргізген едік. Осы зерттеулердің маған ашқан жаңалығы аз болмады. Жалпы Қазақстанның ішкі туризімін дамыту жөнінде шеберлік кластары болды. Сонда біраз өлкелердің туризмді дамыту жұмысына қатыстым. Сол кезде неліктен бізде, Қостанай облысында ішкі туризмді дамыту жоқ деген ой келді. Оның үстіне қазіргі дағдарысқа байланысты сыртқа туристердің шығуы 60-70 пайызға төмендеп кеткенін көріп отырмыз. Енді адамдар ішкі ішкі туризмге қызығушылық танытып, ойлана бастады. Осы жолы «Тылсым Торғайға Тур» деген атаумен жоба ойлап таптым», – дейді Амандық Қорғанұлы.
Бұл жоба осыдан 9 жыл бұрын қолға алынған еді. Күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Қазақстанның түпкір – түпкіріндегі тарихи орындарды аралап, құпия сырларымен танысып жүрген саяхатшылар, өскелең ұрпаққа құнды жәдігерлердің қадірін ұқтырады деген сенімдеміз.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Артық қыламын деп тыртық қыла жаздады (далее…)
Азаматтардың арқасы (далее…)
Үлгілі ауыл (далее…)
Тұлға рухына тағзым М.Дулатұлының 140 жылдық мерей тойына арналған негізгі іс шаралар 20-21 қыркүйек күні…
Ұжымдық сенбілік Жанкелдин ауданыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық…
This website uses cookies.