Ұсыныс пікір айтылды
Күні кеше Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі Кенжеғұл Социалұлы аудан халқымен кездесті.
Кездесу барысында азаматтардың әлеуметтік жағдайы, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары, аз қамтылған отбасыларды қолдау, зейнеткерлер мен көп балалы аналардың мәселелері жан – жақты талқыланды. Халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындарды толғандырып жүрген сауалдарына жауап берді. Сөз арасында халықтың өмір сапасын жақсарту жолында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
«Біз қашанда халықпен біргеміз. Сайлауалды бағдарламамызда айтылған уәделерді орындауға тырысып жатырмыз. Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемелкет» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін бар күш жігерімізді жұмсап жатырмыз», – дейді мәжілісімен.
Бір аптаның ішінде келген үш депутаттың бірі осы кісі. Сөздің шындығы керек, Торғай – Арқалық тас жолы бойына мойын созып қарап қоямыз. Тағы да қандай мәжілісімен келеді деген оймен. Көгілдір экранның арғы жағынан ғана көретін халық қалаулыларын өңірімізден көргенде өңімізге қан жүгірді.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.