Тұлғаға рухына тағзым
Арқалық қаласынан арнайы жасақталған «Оян, қазақ» ізімен…» экспедиция мүшелері Бидайық ауылына ат басын тіреді. Мұнда алаштың ардақтысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының кесенесі мен мұражайы бар. Сондай – ақ, 1935 жылы Карелия жерінда дүние салған алаш арысының сүйегі 57 жылдан кейін туған жеріне жерленді.
«Міржақыптың қайда жерленгенін анықтаған М.Әбсәметов бастаған экспедиция 1992 жылдың 1-18 қыркүйегәі арасында Сосновецтен Торғай топырағына дейінгі аралықты жүріп өтіп, бабамыздың асыл сүйегін туған топырағына әкеліп еді. Бұл туралы Міржақыптанушы Қайсар Әлімнің «міржақыптың оралуы» атты кітабында егжей-тегжейлі жазылған.
Бидайық ауылында алаш арысының кесенесі ғана емес, шағын көлемдегі мұражайы да орналасқан. Біз келіп жеткенде Жақаңның басында шырақшысы болып отырған Бірманов Нағашыбай ағамыз алдымыздан шығып, биылғы 140 жылдыққа байланысты атқарып жатқан атқарып жатқан шаруалармен таныстырды. Бақберген Қасымұлының демеушілігімен Міржақып кесенесінің іші-сырты жаңартылып, жасалып жатқан жөндеу жұмыстары аяқталып қалыпты», – дейді экспедиция мүшелері.
Алматы қаласына келген мамандар мұражайда қайтадан жасақтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан меймандар мұражай ішін толық тамашалай алмады. Міржақып атамыздың кесенесіне тағзым жасап, рухына дұға бағыштап қайтқан экспедиция мүшелері аудан орталығына келіп, тарихи мұражайларды аралады.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Тарихи жерлермен танысты (далее…)
Жауапты мамандар жоқ (далее…)
Мәдени ошақ жаңа кейіпте (далее…)
Тігінші қарияның ісмерлігі (далее…)
Ел мерейін көтерді (далее…)
This website uses cookies.