Жанкелдин ауданы: жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 1,7 миллион теңгеден астам грант беріледі

Өтінімдер қашан және қалай қабылданады?

Үстіміздегі жылдың 24 маусымы мен 8 шілдесі аралығында халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы Business.enbek.kz порталында хабарланды. Мемлекеттен қайтарымсыз қаражатты кімдер және қандай шарттармен ала алатынын анықтап білдік.

Мемлекеттік қолдау аясында берілетін грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Қаражат қайтарымсыз негізде кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Айта кететін маңызды жайт, бұл грант бір рет қана беріледі және оны әр азамат өз өмірінде тек бір мәрте ала алады.

Конкурсқа кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген болуы тиіс немесе мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкер (ЖК) болуы шарт. Бұдан бөлек, үміткерлер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы міндетті. Мүгедектігі бар адамдар, қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар азаматтар, өңіраралық қоныс аударушылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар және (немесе) олардың жұбайлары, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және (немесе) олардың жұбайлары, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Конкурсқа қатысудың негізгі шарттарының бірі – өтінім берген күнге дейінгі соңғы үш жыл ішінде алынған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификатының болуы.

Бизнес-жобалар қалай іріктеледі?

Үміткерлерді арнайы конкурстық комиссия іріктейді. Олар ұсынылған бизнес-жоспарларды келесі критерийлер бойынша бағалайды. Бизнес-идеяның өміршеңдігі мен даму перспективасы, жобаның қаржылық тұрғыдан негізділігі, жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті.

Өтінімдерді қабылдау толықтай электрондық форматта Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін порталға тіркеліп, өтінім нысанын толтыру, дайын бизнес-жоспарды жүктеу және құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою қажет.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 8 шілдені қоса алғанға дейін жалғасады.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Жангелдин ауданының Мансап орталығына хабарласуға болады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.