Жанкелдин ауданы, Қызбел ауылдық округінің жеке кәсіпкері елдің алғысын алды

Азаматтың жомарты

Саға ауылының тұрғындары өте ұйымшыл. Елдік мәселеге десе қолдарынан келген көмектерін әсте аяған емес. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» қағидасын ұстаған ауылдастар осы уақытқа дейін бас бірліктерін танытып, ауылдың гүлденуіне атсалысты. Бір – біріне демеу болып, жәрдемдесті. Ауылдық ағайындар елден көшпейді. Қазіргі заман талабы кәсіппен айналысуға бағыттайды. Біздің ауылда көптеген шаруа қожалықтары бар. Олар мыңғырған қой, үйірлі жылқы, асыл тұқымды сиыр малын өсіріп отыр. Оның сыртында егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтарда бар. Осы кісілердің арқасында ауыл халқы түгелдей қысқы мал азығымен қамтылды. Қытымыр қыс пен сары аязға сақадай сай отыр. күні бүгінге дейін тұрғындарды алаңдатып келген мәселе, қысқы отын еді. Яғни, Шұбаркөл көмірі. Бұл да оңтайлы шешілді.

«Арқалық қаласының тұрғыны Қайрат Ералин біздің ауылдан «Arai dala» шаруа қожалығын ашқан болатын. Содан бері ауылдағы барлық шараларға демеушілік жасап келеді. Жуырда «Қарттар күні» мерекесінде өз атынан бір бас қой, 150 мың теңге ақшалай көмек көрсетті. Ауыл қариялары ақ баталарын беріп, ризашылықтарын жеткізді. Жақсылықтың үстіне жақсылық жасауға асығып тұратын атымтай – жомарт азамат тағы да қайырымдылықтың жаршысы болды. Ауылға тіркемесі бар камаз автокөлігі көмір әкелген еді. Сол мезетте Қайрат Жүрсінұлы өз қалтасынан ақшасын төлеп, аз қамтылған, көп балалы, асыраушысы жоқ отбасыларға 2 тонна көмірден түсіріп берді. Біз осы кісінің жомарттығына тәнті болып, сүйсіндік. Екінің бірінің қолынан келмейтін жақсылықты жасады», – дейді ауыл тұрғыны Гүлсана Қаржауқызы.

Қайырымды істің кейіпкерлері атанған отбасылар, шексіз алғыстарын ақ қардай жаудырды. Расыменде, көпке үлгі, жас ұрпаққа өнеге болары хақ. Осындай жомарт азаматтардың қатары көбейіп, халықтың шынайы ыстық – ықыласына бөлене берсін деген ниеттеміз.

Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: Гүлсана АМАНЖОЛОВА

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.