Жанкелдин ауданы, Сужарған ауылында абаттандыру жұмыстары жүзеге асып жатыр

Жаңа әкімнің жаңашылдығы

Өткен айда ауыл әкімдерінің сайлауында тұрғындардың басым бөлігінің дауысына ие болған Досбол Тайшыбек Сужарған ауылы әкімінің лауазымына тағайындалды.

31 жастағы жас әкімі ауылдың абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына бірден ден қойды. Ең алдымен көше тазалығына көңіл бөлген әкім сенбілік жұмыстарына ұйымдастырды. Қоғамдық жұмысқа тартылған адамдардың басын біріктіріп, тазалық жұмыстарын тындырды. Оның сыртында тас жол бойындағы ауыл аты жазылған белгіні сырлап, қалыпқа келтірді. Ауыл әкімінің ендігі жоспары ауыл орталығындағы саябақты қайта жаңартып, қураған ағаштардың көшеттер отырғызуды мақсат етіп отыр.

«Менің міндетім ауыл халқының ұсыныс пікірлерін ескеріп, елмен бірге қоян – қолтық жұмыс жасау. Әсіресе, тазалық мәселесіне көңіл бөлу күнтәртібіндегі басты мәселе. «Таза Қазақстан» экологиялық акцияся аясында ауыл тазалығына мән беріп, қордаланған мәселелердің түйткілін шешу міндетім. Ауыл халқы мені қолдап, алдағы уақытта ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуына және абаттандыру жұмыстарына атсалысады деген сенімдемін. Халықтың әл – ауқатын арттырып, мал шаруашлығының дамуына септігімді тигізсем, азда болса үлес қосқаным деп білемін. Алда көптеген жоспарлар бар. Ол үшін сыртта жүрген ауыл тумаларының басын қосып, «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асырсам деген ойым бар», – дейді ауыл әкімі.

Жаң әкімінің жаңашылдығы ел дамуына серпін береді деген үміттеміз. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген. Ауыл әкімін қолдап, жергілікті тұрғындар қолдау көрсетсе, ауылдың әлеуеті артады.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.