Жанкелдин ауданында қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шөп шабу науқаны басталды

Биыл көктем айныда келген тасқын су шабындыққа жайылып, ел көңілін көтерді. Жеке кәсіпкерлер техникаларын сақадай – ай дайындап, шөп шабу науқанына білек сыбана кірісп кетті.

Қырдың да ойдың да шабындығы ораққа орамды. Мал азығы мол болғандықтан тұрғындар тарапынан еш алаңдаушылық байқалмайды. Тек шөп бағасы нарықтық бағадан аспаса болғаны. Қазірдің өзінде бір орама шөптің бағасы 5000 теңге.

Бұл әрине халық үшін өте тиімді. Бірақ, кейбір кәсіпкрелер шөп бағасын 7000 теңге болу керек деп өздеріне ыңғайлы баға қойып алмақшы. Негізі қарапайым халықпен санасқан жөн. Онсызда Торғай – Арқалық, Торғ,ай – Қостанай бағытына қатынайтын таксисттер себепсіз жолақысын өсіріп, халықты тығырыққа тіреп отыр.

Ал, оны қадағалайтын мекемелер, сылтау айтып, жауапкершілікпен жалтамрамқшы. Азық – түлік бағасы да күн санап өсіп жатыр. Зейнетақымен және баланың жәрдемақысына қарап отырған адамдар үшін бұл тастан да ауыр салмақ болары сөзсіз. Егер шөп бағасы өсетін болса, бас сауғалар жер қалмайтыны белгілі. «Халық өзі үшін алады.

Қыстан малды аман шығарғысы келсе, шөп бағасы қанша болса да сатып алады» деп кейбір кәсіпкерлер кеуде керіп отыр. Осы тұста ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарына хабарласып, қажетті мәлімет алдық.

«Ағымдағы жылы аудан бойынша 131,7 мың тонна 1 жылдық мал азығын дайындау жоспары қойылған. Шаруа қожалықтарында 75,4 мың тонна, жеке тұрғындарды 56,3 мың тонна. Қазіргі уақытта шөп дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр, 55 мың тонна мал азығы дайындалды немесе 41,8%. 130 дана тракторлар мен қосалқы агрегаттар қатынасуда. Шөп бағасының өсуіне жол бермейміз. Нарықтық бағаны ұстап тұруға сенім білдіреміз», – дейді жауапты мамандар.

Жалпы, жеке кәсіпкерлер халықтың арқасында күн көріп отырғандарын ұмытпаса болғаны.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

20 часов ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

2 дня ago

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

3 дня ago

Торғай тарихын кім жақсы біледі?

Қостанайда зияткерлік квиздің жеңімпаздары анықталды (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.