Жанкелдин ауданы, Шилі ауылдық округіне «Wi – Fi» интернет желісі орнатылды

Ауылда байланыс бар

Шалғайдағы ауылдың тұрмыс – тіршілігі сол жердегі тұрғылқты халыққа тікелей байланысты. Ашылса алақан, жұмылса жұдырық болатын ауылдық ағайындардың бірлігі бекем. Мәселен, Шилі ауылдық округі мен Милісай ауылында 391 халық бар. Олардың бас бірліктері көңіл қуантады. Елдік мәселеге елең етіп, «Тәуекел түбі жел қайық, өтерсің де кетерсің» деп білек сыбана кіріседі. Сөзіміздің дәлелі ретінде астарламай тарқатайын. Бұл ауылға «Deeline» және «Kcell» ұялы байланыс мұнарасы орнатылған. Бірақ, ешқандай интернет желісі қосылмаған. Ауыл халқы әлеуметтік желідегі хабарларды оқу үшін ауыл мектебінің маңайын жағалайды. Себебі, мектепте интернет желісі бар. «Қашанғы мектептің жанын торып жүреміз. Интернет мәселесінің бір шешімі болу керек. Қазір технология дамыған заманда қол қусырып қарап отырғанымыз болмас» деп ауылдағы бас көтерер үлкен кісілер округ әкімімен ақылдасып, оңтайлы шешімін тауып нүктесін қойды.


«Ауылға «Wi – Fi» интернет желісі қосылып жақсы болды. Өңір жаңалықтарын көгілдір экраннан көруші едік. Енді әлеуметтік желі арқылы елдегі өзгерістерді уақытылы қарап отырамыз. Қалада оқуда жүрген балаларымызға «WhatsApp» желісі арқылы видеозвонок хабарласып, жүздерін көретін болдық. Біздің ауылдың тұрғындары ұйымшыл. Интернет желісі болмаса да замана көшінен қалған жоқпыз. Үнемі ауылдағы үлкен кісілер бағыт – бағдар беріп отырады. Ал, аға буын өкілдері мен ауыл жастары айтылған ұсыныстарды лезде орындайды. Көші ілгері ауылдардың қатарындамыз. Бұның барлығы ауыл тұрғындарының бірлігі», – дейді ауыл тұрғындары.

Аудан тұрғыны, интернет желісінің құрылғыларын орнатушы, жеке кәсіпкер Абай Баймағанбетовке қолқа салып, ауылға интернет желісін орнатып беруді өтінген. Екі ауылдың халқы 50 000 теңгеден қаржы жинап, қажетті құрылғыларды алдырған. Көп ұзамай 78 үйге «Старлинг» вайфай желісі қосылды. Ай сайынғы төлемақысы 10 000 теңге. Көптен күткен қуаныш ауыл тұрғындарының көңілдеріне көктем нұрын сыйлағандай сезімге бөледі.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Суретті түсірген: Шилі ауылдық округ әкімшілігі

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.