Жанкелдин ауданында алаш тұлғасының есімі республикалық деңгейде насихатталды

Торғайдағы дүбірлі той

Алаш зиялысы, ақын, жазушы, аудармашы, қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған тарихи дүбірлі той өз мәресіне жетті.

Тарихи тойдың алғашқы күні тұлғаларға тағзым жасаудан басталды. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бабалар рухына құран бағышталды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов мерейтойға байланысты орайластырылған игі істерді тілге тиек етті. Міржақып атамыздың ұрпақтары жыл соңында облыс орталығында ас беріліп, ғылыми – тәжірибелік конференция ұйымдастырылатынын хабарлады. Ал, «Ат шабар» алаңында өткен қазақтың ұлттық ойыны көкпарда жанкүйерлердің делебесі қызды. 8 команда қатысқан бұл дода өте тартысты өтті. Ақтық бәсекеге жолдама алған 4 команданың ішінен Арқалық қаласының «Торғай тарландары» командасы жеңіске жетті. 70 шақырымдық ұлы аламан ат бәйгесінен ақтөбелік ат мәре сызығын бірінші болып келді. Ат иесіне автокөліктің кілті табысталды. 31 шақырым аламан бәйгеде Абай облысынан келген сәйгүліктің бағы жанды. 11 шақырымдық құнан бәйгеде Алматы облысының тұлпары шашасына шаң жұқтырмай мәре сызығын бірінші өтті. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байрақты бәсеке балуандардың белдесуіне жалғасты. Еліміздің 7 облысынан 62 балуан келіп, 4 салмақ бойынша бозкілемде белдесті. Әр салмақ бойынша жеңіске жеткендер ерекше құрмет көрсетілді. «Түйе балуан» атағын Сужарған ауылының тумасы Алмас Жұмағали жеңіп алып, автокөліктің егесі атанды. Ұлттық спортқа жанашырлық танытып демеушілік жасаған ел азаматтарына жұршылық алғыс білдірді. Туған жер перзенттерінің қолдауымен 31 млн теңге қаржы, 37 бас жылқы, 40 бас қой жианлған. «Топжарған» спорт кешенінде «Ұлт руханиятының шамшырағы» атты республикалық ақын айтысы ел мерейін өсірді. 14 ақын өзара сөз сайысына түсіп, өз деңгейлерінде өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қызылордалық Мұхтар Ниязов жеңіп алды. бірінші орынды Түкістан облысынан келген айтыстың арыстаны Бекарыс Шойбеков иеленді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қос жүйрікке автокөліктің кілтін тапсырды. Екінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Әсем Ережеқызы теңдей бөлісіп, 2 млн теңге ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. Үшінші орынды иеленген Аспанбек Шұғатай мен Нұрлан Есенқұловқа 1 млн теңгенің сертификаты тапсырылды. Қатысқан ақындарда да 500 мың теңгеденсыйақы алды. 1977 жылғы тумалар айбек Қалиевтің шәкірті Тоба Өтепбаевтың астына ат мінгізді. Жыр бәйгесіне тігілген автокөлтің біріне Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев екіншісін облыс әкімдігі демеуші болды. Айтпақшы тарихи тойға ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, қоғам белсенділері, ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Абдрахманұлы арнайы келіп қатысты. 70 –ке жуық тігілген киіз үй қалашығының ашылуы салтанатты түрде ұйымдастырылды.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

13 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.