Жангелдиннің Ахаң атындағы екі мектебі «AI Мектеп» жобасына қосылды

Мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындауға бағытталған «AI Мектеп» жобасына Жангелдин ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы екі мектеп қосылды.

Жоба Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жанынан жүзеге асырылып, 5 қазаннан бастап жұмысын бастайды.
Жобаның басты ерекшелігі – дәстүрлі оқыту мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін бір жүйеге біріктіру. Жангелдин ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы екі мектептің биылғы түлектері арнайы платформа арқылы толықтай тегін білім ала алады.

Оқу екі бағытта ұйымдастырылады. Біріншісі – офлайн дайындық. Оқушылар аптасына екі рет, екі сағаттан сабаққа қатысып, тәжірибелі пән мұғалімдерінен ҰБТ-ға дайындықтан өтеді. Сабақ барысында тест тапсырмалары талданып, оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және толықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Екінші бағыт – онлайн дайындық. Арнайы әзірленген платформада «AI Ахмет» жасанды интеллект құралы оқушыға бағыт-бағдар беріп, өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Оқушы оқу материалдарын меңгеріп, тапсырмаларды орындап, білім деңгейін жетілдіре алады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаеваның айтуынша, жобаның мақсаты – оқушыларды тек ҰБТ-ға дайындау ғана емес, олардың өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыру.

– «AI Мектеп» жобасы арқылы тәжірибелі мұғалімнің қолдауын жасанды интеллект мүмкіндіктерімен ұштастырамыз. Оқушы сабақта алған білімін платформа арқылы бекітіп, өзіне қажетті тақырыптарды қосымша меңгере алады, – деді Эльмира Наурызбаева.

Жобаға басқа мектеп оқушылары да қатыса алады. Олар үшін оқу ақылы негізде жүргізіледі: бір сабақтың құны – 15 мың теңге, ал айлық пакет – 60 мың теңге. Сонымен қатар оқу сауаттылығы бойынша платформадағы дайындық тегін ұсынылады.

Жобаны әзірлеуге университет оқытушылары мен студенттері атсалысқан. «AI Мектеп» бір оқу жылымен шектелмей, алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарланып отыр.

Осылайша, Жангелдин ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы екі мектептің түлектері заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ҰБТ-ға жаңа форматта дайындалуға мүмкіндік алады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

admin

Recent Posts

Торғайдағы Қаратүбек мектебі 100 жылдығын атап өтті

Ғасырлық тарихы бар білім ордасынан академиктер, ғалымдар мен елге танымал қаламгерлер түлеп ұшқан. (далее…)

1 день ago

Жангелдинде үш маманға сұраныс жоғары

Жангелдин ауданында медицина саласындағы кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин: Қауіптің алдын алатын құрылғы

Әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне газ және түтін датчиктері орнатылуда. (далее…)

3 дня ago

Торғайға келген жас маман

Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде…

4 дня ago

Торғайда жаңа баспаналар бой көтеруде

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Жангелдин ауданына жұмыс сапарымен барып, Торғайдағы тұрғын үй құрылысы, абаттандыру және…

1 неделя ago

Жангелдинде қаржылық алаяқтықтың бір дерегі тіркелді

Жангелдин ауданында жыл басынан бері қаржылық алаяқтық бойынша бір қылмыстық іс тіркелген. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.