Шеген ауылының тумасы, жерлесіміз Ахмет Есен халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.
31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ахмет Есен Allur «Qostanai Argymagy» командасының құрамында командалық марафон бәйгесіне қатысып, 300 шақырымдық қашықтықта І орын иеленді.
Спортшының бұл жетістігі – ұлттық спортты дамытуға және қазақтың ат үстіндегі мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттауға қосылған зор үлес. Жерлесіміздің жеңісі Жангелдин ауданының тұрғындары үшін де үлкен мақтаныш болды.
«Ұлттық болмысымызбен біте қайнасқан қасиетті ұғым – жылқы түлігі мен атадан балаға жалғасқан салтымызды асқақтатқан спортшының бұл жетістігі ерекше құрметке лайық», – деді Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев.
Айтулы жеңістен кейін аудан әкімі Ахмет Есенді арнайы қабылдап, ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, ізгі тілегін жеткізді. Кездесу барысында спортшыға арнайы сый-сияпат табысталды.
Ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды биікте желбіреткен Есен Ахмет Жалғасұлына алдағы жарыстарда да толайым табыстар тілейміз!
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Материал Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі ММ ақпараты негізінде дайындалды.
Торғай өңірінің медицина саласына жаңа маман қосылды. (далее…)
Қостанай облысында этносаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға және қоғамдағы өзара сыйластық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған…
Ақынның мерейтойына Мемлекет басшысы құттықтау жолдады. (далее…)
Жангелдин ауданында биылғы егін жинау науқаны аяқталды. (далее…)
Шилі ауылының жастары туған жеріне тосынсый жасады. (далее…)
This website uses cookies.