Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қорытындысы жарияланды

Алты әкім сайланды

Жангелдин ауданына қарасты Ақкөл, Аралбай, Сужарған, Шеген ауылдары мен Ақшығанақ, Жаркөл ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті.
Саяси науқанға барлық ауыл, ауылдық округтегі тұрғандар белсенді атсалысты. Қарапайым халық өз таңдауларын жасады. Яғни, Жаркөл ауылдық округінің бұрыңғы әкімі Бақыт Төлебаевқа 211 адамның 118, Ақкөл ауылының әкімі Балғабай Қалиевке 171 сайлаушының ішінен 118, Аралбай ауылының әкімі Әділжан Нысанбаевқа 171 адамның 145 – і  дауыс берген. Бұл есімі аталған әкімдері өз орындарына қайта сайланды. Ал, Сужарған, Шеген ауылына және Ақшығанақ ауылдық округіне жаңадан әкімдер сайланды. Сонымен қатар, Жаркөл ауылдық округіне өзін – өзі ұсыну жолымен ауылы әкімі ретінде үміткер болып тіркелген бір адамға 70 сайлаушы ғана дауыс берген.
«Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Ақкөл, Аралбай, Сужарған, Шеген ауылдары мен Ақшығанақ, Жаркөл ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындылары белгілі болды. саяси науқан кезінде барлық сайлау учаскелері жұмыс істеді. Ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Ауыл халқы өз таңдауларын жасады. Сайлау әділ өтті», – дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Жақып.
Сайлау қорытындысымен көп дауыс жинап, ауыл, ауылдық округтердің әкімі лауазымына тағайындалған әкімдерді, аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев ауыл тұрғындарына таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі. Ауыл өңірінің әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып, елге адал қызмет жасауды тапсырды.
                                                                      Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.