Жангелдин ауданында жаңа медициналық пункттер бой көтереді

Жангелдин ауданында 2026 жылдың алғашқы алты айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары белгілі болды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев аймақтағы атқарылған жұмыстар мен өзекті жоспарларды жария етті.

Аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру мақсатында инфрақұрылымдық жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр.

«Бүгінгі таңда аудан халқын тіршілік нәрімен қамту бойынша 12 елді мекен, яғни халықтың 88,6 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұдан бөлек, үш елді мекен магистралдық су жүйесімен, ал 6 елді мекен су тарату қондырғыларымен қамтамасыз етілді», – деп атап өтті Дінмұханбет Бидашев.

Сондай-ақ шалғай елді мекендерді сапалы байланыспен қамту жұмыстары жүріп жатыр: Сарысу ауылына 4G интернет желісі тартылуда, ал Шилі, Милісай және Көлқамыс ауылдарында талшықты-оптикалық желілер жүргізіліп жатыр.

Білім беру мен спорт инфрақұрылымын жаңартуға да қомақты қаржы бағытталған.

«Мектептерді жөндеуге 88 миллион теңге қаралса, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге — бейнебақылау орнату, дабыл түймелері мен полицияға тікелей қосу жүйелеріне 55 миллион теңге бөлінді», -деді аудан басшысы.

Бұдан бөлек, Шеген және Қаламқарасу ауылдарында жаңа шағын футбол алаңдары салынуда. Ал Тәуіш ауылында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен құны 152,2 млн теңге болатын заманауи модульді спорт залы бой көтеріп жатыр.

Қазіргі таңда ауданда 23 төсектік аурухана мен емхана халыққа қызмет көрсетуде. Дегенмен, медицина саласында түйткілді мәселелер де жоқ емес.

«Есепті кезеңде бізде кадр мәселесі бар: стоматолог пен хирург мамандарына тапшылық сезілуде. Дегенмен, медициналық инфрақұрылымды дамыту тоқтамайды. 2027-2028 жылдары Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ ауылдарында жаңа медициналық пункттер салуды жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді Дінмұханбет Серікұлы.

Шұға Қоңқабай,
Фото өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.