Жангелдин ауданы: Ауыл тұрғыны қайтарымсыз грантқа саман құю кәсібін бастады

Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны Жанат Қалиев мемлекеттік қолдаудың арқасында өз ісін ашты.

Ол сабаннан және саз лайдан кірпіш (саман) соғатын арнайы желіні іске қосып, ауылда сирек кездесетін өндірісті қолға алды.

Өткен жылы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарлама аясында Жанат 1 миллион 572 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантты жеңіп алған болатын. Жаздың шығуымен ол өз ауласының іргесінде кірпіш өндірісін қыз-қыз қайнатты.

«Маусым айында кәсібімді бастадым. Бөлінген қаржыға екі аппарат, соның ішінде өндірісті жеңілдететін мотоблок сатып алдым. Мұндай кәсіп түрі біздің жақта өте сирек. Негізінен көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанда жақсы дамыған. Әзірге барлық жұмысты бір өзім атқарып жатырмын. Егер өнімге деген сұраныс артып, ісім ілгерілеп кетсе, қасыма көмекшілер алып, жаңа жұмыс орындарын ашқым келеді», – дейді Жанат Қалиев.

Ауыл тұрғынының айтуынша, ол бұған дейін жеке бизнеспен айналысып көрмеген. Алайда ауылдық жерде арзан әрі сапалы құрылыс материалына деген сұраныстың жоғары екенін байқап, осы тәуекелге бел буған. 1 дана саман кірпіш – 150 теңге. Шикізат көзі – сабан, топырақ және су.

«Бұрын адамдар ескі үйлерді бұзып, соның материалдарын пайдаланатын. Қазір мұндай дайын бұзылатын үйлер қалмады. Саман кірпішке сұраныс міндетті түрде болады деп шештім. Өзіміз көпбалалы отбасымыз, жұбайым мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Әрине, қиындықтар да жоқ емес, қазіргі уақытта ең басты мәселе сумен байланысты болып тұр. Үйдің қасындағы колонкадан суды аз-аздап жинап алып, асықпай жұмысымды жасап жатырмын», – деп ағынан жарылды ауыл тұрғыны.

Қазіргі уақытта Жанат өндірген өнімдер ауылдастары арасында қызығушылық тудыра бастаған. Алдағы уақытта су мәселесі шешімін тапса, ол өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді жіберген – Жанат Қалиев

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданында жаңа медициналық пункттер бой көтереді

Жангелдин ауданында 2026 жылдың алғашқы алты айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары белгілі болды. (далее…)

5 часов ago

Жанкелдин ауданы: Шаруаның бәрі шабындыққа жұмылды

    Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Торғайдың Қалам-Қарасу ауылында жаңа заманауи спорт алаңы ашылды

Жангелдин ауданына қарасты Қалам-Қарасу ауылында «Жасыл алаң – жарқын болашақ» жобасы аясында жаңа шағын футбол…

3 дня ago

Торғайлық кәсіпкер ата кәсіпті қалай дөңгелетіп отыр?

Тәуіш ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Тұрар Шүленов үш буын бойы үзілмей келе жатқан отбасылық кәсіпті…

5 дней ago

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

6 дней ago

This website uses cookies.