Жангелдин ауданында кәсіпкерлік саласы біртіндеп дамып келеді.
Бүгінде мұнда 649 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, олар жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр. Алайда мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу белсенділігі барлық ауылдарда бірдей емес. Бұл мәселелер аудан тұрғындарымен өткен кездесуде талқыланды.
Аудан әкімінің орынбасары Гүлмира Ұзаққызының төрағалығымен өткен кездесуде 2026 жылдан бастап енгізілген салық заңнамасындағы өзгерістер, мемлекеттік қолдау шаралары және алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы ақпарат берілді. Салық жүйесіндегі жаңашылдықтар есептілікті жеңілдетуге, салық режимдерін оңтайландыруға және кәсіпкерлік қызметтің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Жангелдин аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботакөз Еркебайқызының айтуынша, өткен жылы ауданда 13 жұмыс орнын құрумен 5 жаңа кәсіпкерлік нысан іске қосылған. Сонымен қатар, екі жеке кәсіпкер 5 млн теңгеге дейінгі грант иегері атанған. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз қаражат әлеуметтік осал санаттағы 9 отбасыға берілген.
Биыл да кәсіпкерлерге арналған бірқатар мемлекеттік қолдау тетіктері іске асырылуда. Олардың қатарында «Ауыл аманаты», «Өрлеу», «Бизнес-Көмек», «Іскер-реинвест» бағдарламалары бар.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты мониторинг жүргізіліп, кәсіпкерлер заң талаптарын сақтауға шақырылды. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс. Бұл талап бұзылған жағдайда заң аясында жауапкершілік қарастырылған.
Ал Ақкөл ауылының әкімі Балғабай Қалиевтің айтуынша, ауыл тұрғындарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысу белсенділігі төмен. Өткен жылы мұндай бағдарламаларға бірде-бір ауыл тұрғыны қатыспаған. Осыған байланысты алдағы уақытта тұрғындар арасында түсіндіру және насихат жұмыстарын күшейту жоспарланып отыр.
Кездесу соңында аудандық кәсіпкерлік бөлімі алдағы кезеңде жаңа бизнес-бастамаларды қолдауды күшейтіп, кәсіпкерлермен кері байланысты нығайтатынын мәлімдеді.
Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» музейінде халқымыздың бай рухани мұрасынан сыр шертетін бірегей жәдігер сақтаулы…
Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)
Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…
Жақында аудан орталығында қоғам және мемлекет қайраткері Жақан Қоса-баевтың 85 жылдық мерейтойына және студент жастардың…
Жуырда ғана қаралған істердің бірінде азамат жұбайына қатысты жүйелі түрде балағаттап, қол жұмсағаны үшін әкімшілік…
Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұхамед Бидашевтің төрағалығымен Торғай ауылында халыққа есеп беру жиыны өтті. (далее…)
This website uses cookies.