Ұстаздар күні қарсаңында білім саласында 41 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагог Жахан Қошмағанбетовтің еңбегі облыс деңгейінде еленді. Ол мерекелік шара барысында облыс әкімінің қолынан марапат алды.
Жахан Қошмағанбетов 1964 жылғы 6 шілдеде Сужарған ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Торғай қазақ орта мектебін тәмамдап, Арқалық қаласындағы педагогикалық институтқа оқуға түседі. 1986 жылы жоғары оқу орнын бітіріп, еңбек жолын Қаратүбек орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастады.
Бүгінде Жангелдин ауданындағы Сарысу негізгі орта мектебінде басшылық қызмет атқарып, физика пәнінен сабақ береді. Ұзақ жылғы еңбегі үшін облыс әкімінің екі мәрте грамотасымен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің екі мәрте грамотасымен марапатталған.
Ұстаздық Жахан Қошмағанбетовтің отбасында да дәстүрге айналған. Жұбайы Қызылгүл Хасекенова – информатика пәнінің мұғалімі. Үш қыз, бір ұл тәрбиелеген отбасының балалары да ұстаздық жолды таңдаған.
Тәжірибелі педагогтің шәкірттері бүгінде білім беру, басшылық және басқа да салаларда еңбек етіп жүр. Олардың арасында тарих пәнінің мұғалімі Аидос Баимолдин, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алмат Сағитбек, биология пәнінің мұғалімі Әспет Омар, бастауыш сынып мұғалімі Толғанай Қарарова Сәбитқызы бар.
Сарысу негізгі орта мектебінің оқушылары шахмат, тоғызқұмалақ, шаңғы спорты бойынша аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындардан көрініп келеді. Мектеп 2011 жылы облыстық «Үздік аула» байқауында үшінші орын алған.
«Ұстаздың еңбегі шәкіртінің жетістігімен өлшенеді. Кезінде білім алған шәкірттеріңнің өзіңмен қатар ұстаз болып еңбек етіп жүргенін көру – үлкен қуаныш», – дейді Жахан Қошмағанбетов.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені ашылды. (далее…)
Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…
В этот праздник наурзумцев на сцене было много. (далее…)
Мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындауға бағытталған «AI Мектеп» жобасына Жангелдин ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы…
Ғасырлық тарихы бар білім ордасынан академиктер, ғалымдар мен елге танымал қаламгерлер түлеп ұшқан. (далее…)
Жангелдин ауданында медицина саласындағы кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. (далее…)
This website uses cookies.