Жангелдин ауданы: Шалғай ауылдарға да жылдам интернет жетеді

Жангелдин ауданында цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Қостанай облысының шалғай әрі оңтүстік бөлігінде орналасқан аудан үшін сапалы ұялы байланыс пен жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімді болуы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе.

Бұрын шалғай ауылдарда байланыс сапасының төмендігі тұрғындарға бірқатар қолайсыздық туғызатын. Әсіресе интернет арқылы ақпарат алу, онлайн қызметтерді пайдалану, қашықтан оқу мен жұмыс істеу кезінде қиындықтар кездесетін. Қазір бұл бағытта нақты жұмыстар қолға алынып, ауылдардың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық берілуде.


Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте мәлімдегендей, 2026 жылы Сарысу ауылына байланыс тірегі орнатылған. Жыл соңына дейін ауылда «Beeline» байланыс желісі мен 4G мобильді интернетін іске қосу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда аудан халқының 97 пайызы ұялы байланыс және жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтылған. Бұл – шалғай елді мекендер үшін маңызды көрсеткіш. Дегенмен қамтылмаған аумақтардағы байланысты жақсарту жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Атап айтқанда, Шилі және Милісай ауылдарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаны қараша айының соңына дейін іске қосу көзделген. Ал 2027 жылы Көлқамыс пен Сарысу ауылдарына да талшықты-оптикалық желі тарту жоспарланып отыр», -деді Дінмұханбет Бидашев.

Цифрлық инфрақұрылымның дамуы – ауыл өміріне жаңа мүмкіндіктер әкелетін маңызды қадам. Сапалы интернет оқушылардың білім алуына, тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді қашықтан пайдалануына, кәсіпкерлердің жұмысын жүргізуіне және ауыл мен қала арасындағы ақпараттық алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет газет архивінен алынды

admin

Recent Posts

Жангелдин ауданы: Екі оқушы республикалық жеңіс төрінде!

«Ақберен» байқауында аудан намысын қорғаған қос шәкірт те жүлделі оралды. (далее…)

5 часов ago

В Костанайской области восстанавливают популяцию куланов и лошадей Пржевальского

В государственном природном резервате «Алтын Дала», расположенном в Амангельдинском и Джангельдинском районах Костанайской области, продолжается…

1 день ago

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

2 дня ago

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

2 дня ago

This website uses cookies.