Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Биыл ауданның тоғыз елді мекенінде ветеринариялық пункт салу қолға алынған. Оның үшеуінің құрылысы толық аяқталды.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев мәлімдеді.
Атап айтқанда, Тәуіш, Саға және Сужарған ауылдарында «BigStoryServis» компаниясы ветеринариялық пункттердің құрылысын аяқтаған. Қалған нысандардың құрылысын да жақын күндері тәмамдап, 10-15 қараша аралығында қабылдау жоспарланып отыр.
Аудан әкімінің айтуынша, Тәуіш ауылындағы ветеринариялық пункт құрылысына республикалық бюджеттен 33 миллион теңге бөлінген.
«Тәуіштегі ветеринариялық пункттің құрылысы аяқталды. Республикалық бюджеттен 33 миллион теңге бөлінді. Жақында ашылады. Онда жұмыс істейтін ветеринар мамандар да әзір», – деді Дінмұханбет Бидашев.
Жаңа ветеринариялық пункттер Тәуіш, Саға, Сужарған, Аралбай, Көкалат, Ақкөл, Ахмет Байтұрсынұлы, Ақшығанақ және Шилі ауылдарында салынуда.
Айта кетейік, өткен жылы ауданда екі ветеринариялық пункт пайдалануға берілген. Биылғы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін ауылдық жерлерде ветеринариялық қызмет көрсету мүмкіндігі кеңейіп, мал ауруларының алдын алу және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жандана түспек.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суретті жолдаған Жаркөл ауылдық округінің әкімі
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
Жангелдин ауданында ауыз сумен қамту көрсеткіші 90 пайызға жеткен. (далее…)
Жангелдин ауданында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру…
Жеңімпаздарға 100 мың теңге табысталды. (далее…)
Кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі, ауылдың әлеуметтік дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. (далее…)
This website uses cookies.