Жалындаған жастардың арман тілегі

Басты арманым елдің амандығы

Уақыт бір орында тұра бермейді. Қас – қағым сәтте өмірдің тағы бір белесін тарих қойнауына жібергелі жатырмыз. “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп”.  Жаңа 2021 жылдан жақсы жаңалықтар күтеміз.

Тышқан жылы барша қазақ елі үшін қиын жыл болды. Әлемді жаулаған індет халықты дүр сілкіндірмей қоймады. Ойлап қарасақ, әр жылдың өмірлік тәрбие беретін оқиғасы болатын секілді. Сол сияқты тышқан жылында біз үнемдеушілдікке, жақындарымызды іздеп, сағынудың не екенін ұғынғандаймыз.

Жаңа жыл- жаңа өмірдің, өмірге деген ізгі бастамалардың бастауы. Барша халық тағатсыздана күтетін мереке. Әсем от шашулар. Мерекенің сәнін келтіретін кейіпкерлер. Бейне бір ертегідей. Ескі жылды естеліктермен қорытындылап, алдағы өмірге жоспар құрамыз. Солай, өмірдің ақ парағын толтыра бастаймыз. Жаңа жылдан не күтесіз? Жаңа сиыр жылы. Жаңа 2021 жыл. Келер жылдан үміт көп! Ең бастысы- амандық. Екіншіден- Тәуелсіздіктің жемісі. Үшіншіден- еліміздің жаңа бағытқа ұмтылысы мен оң нәтижелері…

Жаңа жыл өз жақсылығымен келсе екен деймін. Көрер қуанышымыз екі еселеніп, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын. Халқымыз мерекені туған-туыс, бауырларымен тойлап шат- шадыманға бөленсін.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай өңірлік университетенің

журналистика мамандығының

1 курс студенті

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.