Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш сыйласын

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып, әрі қайталанбас мереке.

Жаңа жылдан бастап өмірдің жаңа парағы ашылады.  Барлығымыз, жасымыз болсын, кәріміз болсын  осы мерекені асыға күтеміз. Неліктен? Себебі, біз бір жыл ішінде болған барлық қызықты оқиғаларды есімізге түсіріп, сол жылға рахметімізді айтып шығарып саламыз.  Және келе жатқан жаңа жылды зор сеніммен қарсы аламыз.

Келер жылы тек қана жақсы нәрселер болу үшін көп үміт артамыз. Сол үміт ақталса әрине нұр үстіне нұр. Ал енді мен осы жаңа жылдан не күтемін? Әрине, әр жыл сайын әртүрлі әсерлі оқиғалардың болғанын қалаймын. Мысалға, топ болып киноға бару, жылы кезде табиғат аясына шығу, туған күндерді, мерекелерді бірге атап өту, басқа да көптеген жақсы жағдайлардың болғанын қалаймын. Біз осы шынайы және уақытты жиі өткізу арқылы адамды танып білеміз. Ол отбасым немесе сыныптас, курстастарым болуы мүмкін. Бірақ ол менің жадымда жылы естелік болып мәңгілікке сақталады. Сондықтан, мен барлық күнімді тек жақсы көңіл күйде өзкізгім келеді. Ал оған басты себепкер – өзім. Соған барынша нық қадамдарды жасай отырып, армандарымды орындаймын. Және келер жылдан шаттық пен қуаныш, жақсылық пен молшылық, жақсы өзгерістер күтемін. Ешқандай жаманшылық болмай, сол жылды аман-есен аяқтауды тілек етеміз.  Сөз соңында, ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға  бақыт, шаттық, қуаныш тілеймін. Алдағы жылда өздеріңіз арман еткендей өткізулеріңізге тілектеспін. Келер жыл тек жақсы жаңалықтарға толы болып, көрер қызық  көп болсын!

Гүлім ҚАЖЫМ

А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай өңірлік университетенің

журналистика мамандығының

1 курс студенті

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.