Сақтық шараларына бекем болайық
Жыл басында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан шыққан жаңа короновирустың өршуін халықаралық маңыздағы төтенше жағдай екенін мойындағаны баршамызға аян.
Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, мамандар вирустың адамнан адамға жұғуының сегіз фактісін анықтаған. Жұқпалы індеттің етек алу жылдамдығы әлем елдерін есенкіретіп тастады. Әлемдік сарапшылардың пікірінше, індеттің алдын алу үшін оқшаулауды үйренуі керек. Медицина мамандары ауруды қоздырғыш – короновирустың жаңа түрі “COVID – 2019” деп анықтаған болатын. Бірақ, біз біраз уақытқа дейін бұл ауруды мойындамай күмәнмен қарадық. Арнайы мамандардың емес көпшіліктің гу – гу сөзіне еріп, індетті жоққа шығардық. Карантин шектеулеріне бағынбай, жағамыз жайлауда, езуіміз күлкіден жиылмай жәйбір рахат жүрдік. Жұқпалы індет біздің елді де әуре сарсаңға салды. Жергілікті медицина саласының қызметкерлері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Індетпен күрес жолында қасқайып тосқауыл болды. Оны көзбен көрмегесін сенбедік. Наурыз айында белең алған індетке аудан бойынша 245 адам шалдыққан. 222 адам пневмониямен және 23 адам короновирустік инфекциясын жұқтырған. Провизорлық стационарда жатып ем алған 114 адам дертінен айыққан. 131 науқас сырттай емделген. Жұқпалы індеттен 2 адам қайтыс болды. 14 жасқа дейінгі 2 баладан осы індеттің белгілері анықталған. Дер кезінде ем қабылдап, аурудың алдын алған медицина саласының қызметкерлеріне ел алғысын айтты. Короновирус инфекциясын жұқтырған 23 адамның үшеуі “симптомсыз” жиырмасы “симптомды” түрімен ауырған. Әсіресе, Жаркөл, Ақшығанақ ауылдық округтерінде және Торғай ауылында дертке шалдыққан науқастардың саны көп болған. Қазан айында пневмония, короновирус инфекциясын жұқтырған науқастар анықталмаған.
Ал, қараша айында жұқпалы індеттің “симптомсыз” түрімен бір адам есепке алынды. Аудандық аурухананың мамандарының айтуынша, 290 адамнан ПЦР тест алынған. Індетпен күрес кезінде орталық аурухана қызметкерлері бірреттік 382 қорғаныш костюмдерімен, 11 дана пульсоксиметр және 24 дана өкпені жасанды тыныстандыру құрылғысымен (кислородный концентратор) қамтылды. Әр жылы туған азамат – азаматшалар, сыртта жүрген жерлестеріміз қысылтаяңда көмек қолдарын созып, ауруханаға қажетті құрылғыларды уақытылы жеткізіп берді. Көмекке зәру жандардың қасынан табылды. Қиын сәтте “жұдырықтай жұмылып” бірліктің туын көтерді. Ел алғысын айтып, ақ батасын берді. Енді міне, жұқпалы індеттің екінші толқыны басталды. “Ауру айтып келмейді”. Әлі де сақтық шараларына салғырттықпен қараудамыз. Шектеулерге шекеден қарап, кері шалқаямыз. Өзге үшін емес, өзіміз үшін денсаулығымызға мығым қараған жақсы шығар. Қазіргі таңда облыс орталығында жұқпалы індет өршіп тұр. Оны күнделікті телеарналардан естіп біліп отырсыздар. Мына бір шалғай жатқан аудан екен деп, сыртымыздан айналып өтетін ауру емес. “Қатты қыстан мал қалса – олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа” деген сөз бекер айтылмаған. Әлі де босансуға ерте. Керісінше, санитарлық ережелерді сақтап, медицина мамандарының кеңесіне құлақ түріңіздер.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.