Білімді ұрпақ еліміздің болашағы
“Елбасы медалі” Қазақстанның балалары мен жастарына бағытталған жоба. Аталған жобаның негізгі мақсаты, өзін -өзі дамыту мен қалыптастыруға, қабілеті бар жас буын тәрбиелеу бағытталған.
“Елбасы медалі” табыстың жеті бағыты. Қорамсапқа салынған жеті жебе іспетті. Әр жебенің өзіндік мағынасы бар. Бірінші және екінші жебеде оқушылар спорт пен дене шынықтыруды дамытса, үшіншісінде дарын мен дағды, төртіншісінде ұлттық мұра, бесінші жебеде волонтерлік, алтыншы туристік сапарларға аттанып, жетінші жебеде еңбек тәжірибесін арттырады. Әр жебенің тапсырмасын орындаған сайын оқушылар жауапкершілікті түсініп, тапсырманы уақытында орындайды. Бұл жоба жылдың ең үздік жобасы. Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Олжас Ғабдімәлік пен 10 сынып оқушысы Бекзат Әмірхан өз білімдерін сарапқа салып, бақтарын сынауда. Олжас Ғабдімәлік “Қола медаль” деңгейін 5 ай бойы өтіп, соңғы айдың мерзіміне табан тіреді. Қазіргі таңда Олжас қазақ әдебиетінің алтын қоры, әлем әдебиеті мен тұлғаны дамытуға арналған кітаптар оқып, шахмат ойынының қыр сырын меңгеруде. Оның ендігі мақсаты 6 ай бойы еңбегінің нәтижесі “Елбасы медаліне” ие болу. Ал Бекзат Әмірхан “Күміс медаль” деңгейінің 4 айлық кезеңінен сүрінбей өтті. Ол өзін “Волонтерлік” және қазақ әдебиетінің алтын қоры, әлем әдебиеті мен тұлғаны дамытуға арналған кітаптар оқып, шыңдауда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының бас демеушілігімен өтіп жатқан жылдың ең үздік жобаларының бірі “Елбасы медалі” жобасына қатысып жүрген Олжас пен Бекзатты мақтан етеміз. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
Шынар ҒАББАСОВА
Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектебінің мұғалімі
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…
Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…
This website uses cookies.