Заман талабына сай аурухана

Аудандық орталық аурухананың іргетасы 1975 жылы қаланған

Бір адамның ғұмырындай 46 жыл ішінде күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған. Сыртының сыны кетіп, тозығы жеткен. Былтырғы жылы “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша орталық аурухананың әкімшілік ғимаратына және хирургиялық бөлімшесіне толығымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айналдырған 3 ай ішінде аталған аурухана адам танымастай өзгеріп шыға келді. Науқастар ем қабылдайтын бөлмелер қажетті құрылғылармен жабдықталды. Жылу жүйесі жаңартылды. Бөлмелердің іші айнадай жарық. Ауасы да кең. Еркін тыныстап, ем – дом қабылдауға қолайлы. Бастысы мамандардың жетіспеушілігі бар. “Дипломмен – ауылға!”, “Еңбек” бағдарламаларының шарапаты мол болған сынайлы. Қазіргі таңда  жоғары білімді үш дәрігермен білікті мамандардың қатары толықты. Олар тұрғын үйлермен толық қамтылған. Мемлекет тарапынан көтермеақыларын да уақытылы алған. Десекте, әлі де білікті мамандардың жетіспеушілігі бар. Себебі, акушер-гинеколог, бір фтизиатор, бір жалпы тәжірибедегі дәрігер, бір педиатр, УЗИ, рентеген  және бес бірдей орта буын медицина мамандары тапшы. Аудандық аурухананың техникалық базасы да жақсарды. Тұрғындарға қызмет көрсету сапасы да арта түспек.

“Өз тілшімізден”

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.