Торғай өңірінде киік пен қымбатшылық фермерлерді тығырыққа тіреді

Егіс алқаптары 30 пайызға қысқаруы мүмкін.

Торғай өңірімен шектесетін кейбір аудан аграршылар биыл егіс алқаптарын 30 пайызға дейін қысқарту қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұған киіктердің егістікке келтірген зияны, тұқым бағасының күрт қымбаттауы және қаржыландыру жүйесіндегі олқылықтар себеп болып отыр. Мәселе кәсіпкерлер палатасында өткен салалық кеңес отырысында көтерілді.

Жиын барысында фермерлер киіктерден келетін шығын көлемі жылдан-жылға артып отырғанын айтып, оның нақты шешімі әлі күнге дейін табылмағанын жеткізді. Торғай өңірімен шектес аудандарда ақбөкендер егіс алқаптарын таптап, шаруаларға айтарлықтай зиян келтірген.

«Диевская» агрофирмасының директоры Олег Даниленконың айтуынша, кейбір шаруашылықтар өнімді жинай да алмаған.

– Биыл шамамен егіс алқаптарының 30 пайызын мүлде екпеуіміз мүмкін. Ылғал да бар, тұқым да бар, адамдар да жұмыс істеуге дайын, алайда қазіргі жағдай қолбайлау болып отыр, – деді ол.

Бұл мәселе ветеринар мамандарды да алаңдатып отыр. Олар киіктер арасында аусыл ауруының таралу қаупі бар екенін жоққа шығармай, алдын алу шараларын күшейтуді ұсынуда.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қауымдастығы егістікті таптау салдарынан келген шығынды бюджет есебінен өтеуді және сақтандыру жүйесін енгізуді ұсынды. Сонымен қатар фермерлер егістік алқаптарында киіктерді маусым бойы атуға рұқсат беруді сұрап отыр.

Жиында көтерілген тағы бір маңызды мәселе – тұқым бағасының күрт өсуі. «Заря» АҚ басшысы Александр Климконың айтуынша, бір жыл ішінде тұқым құны екі есеге жуық өсіп, тоннасы 700 мың теңгеден 1,4 миллион теңгеге жеткен. Қолданыстағы субсидиялар шығынның аз ғана бөлігін өтейді.

Осыған байланысты аграршылар субсидия көлемін арттыруды, тұқым бағасына бақылауды күшейтуді және мемлекеттік қолдау тетіктерін қайта қарауды ұсынды.

Сондай-ақ фермерлер жеңілдетілген несие беру шарттарына да наразылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, қазіргі бағдарламалар нақты шығындарды толық ескермейді.

– Жыл соңында жерді дайындауға кеткен шығындар келесі маусымға қаржыландыру бөлінген кезде есепке алынбай қалады. Сондықтан бұл мәселені қайта қарау қажет, – деді қауымдастық директоры Светлана Михайленко.

Бұдан бөлек, шаруалар жеңілдетілген несие бағдарламалары аясында қаржыландырылатын бағыттардың тізімін кеңейтуді сұрайды. Атап айтқанда, стационарлық астық кептіру қондырғыларын осы тізімге енгізу ұсынылды.

Жиын қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар тиісті министрліктерге жолданатын болды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметінен алынды.

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданы «Jańa Dala / Green Day 2026» агрофестивалінде

Асыл тұқымды мал мен ұлттық құндылықтар қатар насихатталды. (далее…)

4 дня ago

Тәуіште 150 миллион теңгеден астам қаражатқа заманауи спорт залы салынып жатыр

Жаңа нысан заманауи талаптарға толық сай келеді деп күтілуде. (далее…)

1 неделя ago

Торғай өңіріне жан бітпек

Астана мен Батысты жалғайтын тарихи жол құрылысы Шеген ауылына дейінгі аралықта жүріп жатыр. (далее…)

1 неделя ago

Торғайдың ақжарқын келіні

14 бөлмелі шаңырақты шуаққа бөлеп отыр. (далее…)

1 неделя ago

Жанкелдин ауданында мектептердің жаңа оқу жылына әзірлік барысы қалай?

Білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 88 миллионға жуық қаражат бағытталды. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.