Тобыл-Торғай тарландары клубының қатары

Жаңа спортшылармен толықты.

Торғай төрінде қазақ күресінен облыс кубогы жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті. Бұл дүбірлі додада палуандар боз кілемде барын салып, нағыз намыс пен жігердің үлгісін көрсеттіЖангелдин ауданынан келген палуандар боз кілемде нағыз намыс пен жігерін паш етіп, көрермендердің жүрегін жаулап алды. Жарысқа облыстың әр аудандарынан келген ең мықты палуандар қатысты. Күрес додасында тек күш қана емес, ептілік пен стратегия да маңызды екенін көрсетті. Көрермендер алдында әр қимыл – нағыз батырлық үлгісі болды.

Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Алматов және спорт бөлімінің басшысы Бағдат Ертасов Ұлттық спорт және олимпиадалық емес спорт клубының басшысы Мылтықбай Абдуаитовтың қолынан Алғыс хат пен төсбелгі алды. Бұл марапаттар өңірдегі спортты дамытуға қосқан үлестері үшін берілді.

Сонымен қатар, Қостанай облысы Тобыл-Торғай тарландары қазақ күрес федерациясының директоры Нұрсұлтан Бақытжановтың атынан ұлттық спортты дамытуға үлес қосқан тұлғалар – Нұрсұлтан Байдильдин, Әсет Хамза, Ержан Жақсымбеков, Бақдаулет Ибраш, Габдилманат Хамзин, Фазылбек Шаймовтар Алғыс хат пен төсбелгімен марапатталды.

Тобыл-Торғай тарландары клубының қатары жаңа спортшылармен толықты. Серікболсын Ахмедияр, Жәнібек Жұмағазин, Жандос Серкеш, Бекзат Жақсылық алдағы чемпионаттарға қатысуға арналған жаңа берендермен марапатталып, палуандар сапын жаңартты.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Сейіткерей Тұрсын

Редактор

Recent Posts

Қостанайда «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг ұйымдастырылды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ізі қалған қасиетті Қостанай жерінде ауылдық…

2 дня ago

Жангелдин ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы қалай атқарылуда?

«Таза чат-бот» платформасы бойынша бірде-бір хабарлама түспеген. (далее…)

4 дня ago

Торғайда өткен ерекше іс-шара

Ұлттық қүндылықтар дәріптелді. (далее…)

6 дней ago

Торғайда қолдан ерекше сөмке, аяқ киім тоқитын шебер

Данагүл Таутабаеваның есімі көпке таныс. (далее…)

6 дней ago

Торғайда тазалыққа үндеген игі іс

«Тазару күніне» орай аудан тұрғындары игі іске жұмылды (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.