Ұлттық қүндылықтар дәріптелді.

Қасиетті Торғай өңірінде «Көршіңмен қалайсың?» атты мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған игі бастаманы Жақан Қосабайұлы атындағы көшенің тұрғындары қолға алып, көпшілікке көршілік қарым-қатынастың маңызын насихаттады.
Айта кету керек, бұл көше тұрғындары бірлік пен ұйымшылдықты бұрыннан берік ұстанып келеді. Олар жыл сайын көше Наурызын бірге атап өтіп, маңызды қоғамдық науқандарға белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүр. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттап, өзгелерге үлгі боларлық игі істерімен ел аузында.

Іс-шара мәдениет үйінде өтіп, көрші арасындағы сыйластық пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды. Кеш барысында үлкендер көршілік дәстүрдің мәнін тереңінен қозғап, өнегелі ой-пікірлерімен бөлісті. Ер азаматтар тағылымды әндер мен термелер орындап, ұлттық рухты асқақтатты. Ал балалар жырдан шашу шашып, би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Көрші туралы мақал-мәтелдер айтылып, сыр-сұхбат алаңы ұйымдастырылып, көрермендердің қызығушылығын арттырды.

Тағылымды шараға Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы қатысып, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, басқа көшелердің тұрғындары Қаншайым апа, Ләйла апа және осы көшенің бұрынғы тұрғыны Мәулеш апа арнайы келіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Аналар кеңесі қоғамдық ұйымының төрайымы Кәмпит Мұхамедзәкірқызы да құттықтау сөз сөйлеп, бастаманың маңыздылығына тоқталды.

Кеш соңында Жақан Қосабайұлының туыстары әр қаладан бейнеқұттықтау жолдап, Торғайдағы туыстары ұйымдастырушыларға сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар, осы көшеден ұзатылған қыздардың арнайы келіп, ата-аналары мен көше тұрғындарын тәтті шайға шақыруы көпшіліктің көңілін толқытып, ерекше әсер қалдырды.

Бұл іс-шара – тек бір кештің көрінісі ғана емес, көршілік қарым-қатынастың қадірін арттырып, бірлік пен берекені нығайтатын тағылымды бастама болды. «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деген халқымыздың даналығының мәнін тағы бір мәрте айқындаған бұл жиын көпшілікке ой салып, ізгілікке үндеді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді әжелер алқасының жетекшісі Ляззат Зейнекина ұсынды

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

10 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.