Талабы таудай кәсіпкер

Ауыл тұрғындарының алғысын арқалаған жас ана

Жангелдин ауданында  жеке кәсіптерін  қолға  алып  өз  істерін  дөңгелетіп отырған  кәсіпкерлердің саны жыл санап артып келеді. 2019 жылы аудан бойынша 479  кәсіпкер тіркелсе, 2020 жылы 496-ға жеткен. Осы кәсіпкердің ішінде  185-і сауда  саттықпен айналысып отыр.

Жалпы аудан бойынша 67 дүкен бар, оның 53-і азық – түлік  дүкендері.  Былтырғы  жылға  қарағанда 4 дүкенге  артып отыр. Кәсіптерін қолға  алып,  жұмысты ілгерлету  көптің  қолынан  келе бермейтін  іс.  Ал, сужарғандық  жеке  кәсіпкер  Бақыткүл Доспаева шағын  дүкенімен  барлық ауылды  азық-түлікпен  қамтамасыз етіп отыр. Бақыткүл  Серікқызы  1988 жылы  4 желтоқсанда  Торғай  ауылында дүниеге  келген. Жолдасы Алтай Балтабайұлы  Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы қызметін атқарады. Екі  бала  тәрбиелеп  отырған жас  кәсіпкердің негізгі мамандығы  мұғалім. 2015 жылдан бері  сауда-саттықты қолға алып, өз еңбегінің  арқасында кәсіпкерлікті дамытқан. Жеке кәсіпкер әлеуметтік  жағдайы төмен, жалғыз басты аналарға жылына  бір рет   азық-  түлік  апарып  көмек  көрсетеді. Сонымен қатар,  мереке  күндері  мерекелік  сыйлықтар  жасауға  демеушілік  жасайды. Бос уақытын босқа өткізгенді  құп санамайтын Бақыткүл қыз балалардың тырнақтарын әрлеп, сәндеуді   үйреніп алған.  Болашаққа қойған мақсаттары да айқын, кәсібін жандандырып кеңейтуді жоспарлаған. Адам  баласының  бойында    1 пайыз ғана дарын, қалған 99 пайыз  көп  ізденіс пен  еңбектің нәтижесінде келетіні бәрімізге белгілі. Бақыткүл Серікқызы өзінің еңбекқорлығының  арқасында кәсібінен нәсіп тауып отыр.

Аягөз МҰСТАФА

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.