Бедел биігіне  көтерілген ақсақал

Есімі  “Қазақстанның Алтын кітабына” енді

Ел іргесінің  берік қалануы, әр бастаған бастамасының  нәтижелі болуы әрбір перзенттің іс  әрекетімен өлшенбек. Игілікті істердің ұйтқысы болып  жүрген, тіршілігіне кісі қызығар, пайым -парасатына жан сүйсінер текті тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, рухани болмысы  биік, жастарға үлгі боларлық ғибраты мол, халқымыздың мақтанышына айналған жандар  туралы  қанша  мақтау айтсақта жарасады.

Елге еңбегі  сіңген жандарды  кейінгі  ұрпақ есінде сақтауы  тиіс. Осы бағытта  республикалық  “Orda.kz”  баспа үйі әр аймақтың шоқ жұлдызындай  болып жанып,  кейінгі ұрпаққа бағыт -бағдар  беріп келе жатқан асыл жүректі жандар туралы “Қазақстанның Алтын кітабы” энциклопедиясын басып шығарды. Елге  қызмет  етіп, биік белеске  көтеріліп, жетістікке жеткен жандарды бір жинаққа топтастырып, ұлы тұлғалардың болмыс – бітімін, кейінгі ұрпаққа ұсынып отырған кітапта негізгі салалардың  барлығы қамтылған. Аталмыш  кітапқа  Жангелдин ауданының  тумасы Жылқыбай Бакировтың  есімі енді.

Ардагерлер үйінде  Жылқыбай Мирақайұлын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов және ауыл ақсақалдары  құттықтады.  Қарсақбай Бірмағанбетұлы өмір жолына, ауданның ауыл шаруашылығының  дамуына қосқан  еңбегіне тоқталып, жүрек  – жарды жылы  лебізін білдірді. Жылқыбай Бакиров  сонау  қиын  қыстау  замандардан қой шаруашылығының  өсуіне  көп  септігін  тигізген. Уақытпен  санаспай жүргізген жұмыстары мен  еткен  еңбектеріде  елеусіз  қалған жоқ. Аудандық, облыстық, республикалық марапаттармен  марапатталған. Қазіргі таңда Торғай ауылы ардагерлер кеңесінің  төрағасы, “Қолдау-Торғай” қоғамдық қорының  төрағасы  қызметін  абыройлы атқарып келеді. Батагой ақсақалдың  жолдасы, “Алтын алқа иегері”. Батыр ана. Күлшайым Жиенбаева екеуі 3 ұл 6 қыз өсіріп, тәрбиелеген. Балалардың  бәрін құтты орнына  қондырып, олардан 25 немере,11 шөбере сүйіп отырған бақытты отбасы.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.