Ауыл тұрғындарының алғысын арқалаған жас ана
Жангелдин ауданында жеке кәсіптерін қолға алып өз істерін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің саны жыл санап артып келеді. 2019 жылы аудан бойынша 479 кәсіпкер тіркелсе, 2020 жылы 496-ға жеткен. Осы кәсіпкердің ішінде 185-і сауда саттықпен айналысып отыр.
Жалпы аудан бойынша 67 дүкен бар, оның 53-і азық – түлік дүкендері. Былтырғы жылға қарағанда 4 дүкенге артып отыр. Кәсіптерін қолға алып, жұмысты ілгерлету көптің қолынан келе бермейтін іс. Ал, сужарғандық жеке кәсіпкер Бақыткүл Доспаева шағын дүкенімен барлық ауылды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Бақыткүл Серікқызы 1988 жылы 4 желтоқсанда Торғай ауылында дүниеге келген. Жолдасы Алтай Балтабайұлы Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы қызметін атқарады. Екі бала тәрбиелеп отырған жас кәсіпкердің негізгі мамандығы мұғалім. 2015 жылдан бері сауда-саттықты қолға алып, өз еңбегінің арқасында кәсіпкерлікті дамытқан. Жеке кәсіпкер әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз басты аналарға жылына бір рет азық- түлік апарып көмек көрсетеді. Сонымен қатар, мереке күндері мерекелік сыйлықтар жасауға демеушілік жасайды. Бос уақытын босқа өткізгенді құп санамайтын Бақыткүл қыз балалардың тырнақтарын әрлеп, сәндеуді үйреніп алған. Болашаққа қойған мақсаттары да айқын, кәсібін жандандырып кеңейтуді жоспарлаған. Адам баласының бойында 1 пайыз ғана дарын, қалған 99 пайыз көп ізденіс пен еңбектің нәтижесінде келетіні бәрімізге белгілі. Бақыткүл Серікқызы өзінің еңбекқорлығының арқасында кәсібінен нәсіп тауып отыр.
Аягөз МҰСТАФА
Жангелдин ауданына қарасты Қарғалы елді мекенінде өзен жағалауынан өлі балықтардың табылғаны жөнінде ақпарат тарады. (далее…)
Қар қалашықтары (далее…)
Көшенің сәні кірді (далее…)
Әуелеген ән кеші (далее…)
Бірлігі бекем, ынтымағы берік ауыл (далее…)
Еңбеккерлерге шексіз құрмет (далее…)
This website uses cookies.