Тәуелсіздіктің төл құрдасы

Мен үшін егемен елдің еркіндігі қымбат

Тайшина Айдана Қасқырбекқызы 1991 жылы 2 желтоқсанда киелі Торғай жерінде дүниеге келген. Ең алғаш 1997 жылы білім ордасының қара шаңырағы саналған  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің табалдырығын аттады. Мектеп қабырғасында жақсы оқыды. 2014 жылы Қарағанды экономикалық университетіне “экономист-бухгалтер” мамандығы бойынша білім алған. Айдана Қасқырбекқызы 2018 жылы жоғарғы оқу орнын абыроймен бітіріп, туған жеріне қызмет етуге келген. Қазіргі таңда “Жангелдин ауданының кәсіпкерлік бөлімі” мемлекеттік мекемесінде қаржы саласы бойынша жұмыс жасауда.

“Мен-тәуелсіздіктің құрдасымын! Тәуелсіз мемлекетпен құрдас болғаныма мақтанамын. Себебі, шыр етіп дүние есігін ашқан сәтте “Тәуелсіз елдің ұрпақтары” деген аталы сөзді естім өстім. Мен туған жыл бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қолы жеткен жыл. Біз үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес. Ол бәрімізге аян. Осы жолда қазақ  елі не көрмеді? Ел басынан қуаныш та, аштық пен қырғын майданға толы қилы заман да өтті.

1916 жылдағы еліміздегі қайғылы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы ашаршылық, халқымыздың басын ыдыратты. Жан-жаққа бас сауғалатып, қасіретті де қайғылы заман сыйлады. Отызыншы жылдардағы ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүр сілкіндірген жастарымыздың елі үшін қанын төккен ең үлкен қайғы-Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ елінің жүрегінде  ауыр соққы, жазылмас жара болып қалды. Қандай қуаныш болса да, сол кісілердің арқасында келгенін біз ешқашан ұмытпауымыз керек.

Мен үшін Отаныма азғана болсын өз үлесімді тигізіп, елімнің дамуы үшін еңбек етуден асқан абырой жоқ. Тәуелсіздіктің төл құрдасы атану үлкен мәртебе. Биыл тәуелсіздігімізге 29 жыл толуда. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың абырой-беделі асқақтасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын” деп өз ізгі ниетін білдірді.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл — ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.Біз сол үшін мақтанамыз.  

Гүлжан БӨЛЕГЕН

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.