“Құт мекенім – Қостанайым”

“Қостанай дарыны” өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дарынды мектеп оқушыларын анықтау және қолдау, олардың шығармашылық  қасиеттерін шыңдау және дамыту мақсатында, ауылдық жерлердегі мектептер арасында өткен  “Құт мекенім – Қостанайым” атты облыстық сырттай авторлық өлеңдер  байқауына Қостанай облысы  бойынша 43 қатысушы қатысты

Бұл байқауға біздің аудан бойынша  11 оқушы өз шығармашылықтарын ұсынып, бақ сынады. Қостанайға арнап өлең шумақтарын жырлап, туған елге, туған жерге деген махаббаттарынан сыр шертті. Кіші Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу тұрғысында өткізілген  облыстық сырттай байқаудың қорытындысы жарияланды.

Сайып келгенде Қ.Жармағанбетов мектебінің 9 сынып оқушысы Олжас Ғабдімәлік  І орынды жеңіп алды. ІІ орынды  Ы.Алтынсарин мектебінің 9 сынып оқушысы  Эзита Мухамедьиярова иеленді. ІІІ орынды Ы.Алтынсарин мектебінің 8 сынып оқушысы Жұмақанов Елдар қанағат тұтты. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Барлық қатысқан оқушыларға  сертификаттар берілді. Осындай іс-шаралардың өтуі оқушылардың ақындық қасиеттерінің оянуына шабыт беріп,жігерлендіреді. Отанға деген сүйіспеншіліктерінің артуына себепші болады…

“Жангелдин ауданының білім бөлімі” ММ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

5 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.