Өз үйім  – өлең төсегім

“Шын жүректен” еріктілер ұйымы бір отбасының  баспаналы болуына себепші болғаны жайлы  газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз

Ерікті жастар арнайы қор ашып, қаражат жинады. Олардың бас бірліктерінің арқасында Сарсен Ахметжанов баспаналы болды. Қазіргі  таңда еріктілер үй құжаттарын  рәсімдеп, оны егесінің атына  аударып беру жұмыстарымен айналысып жатыр. Сауапты іске жұмылған ауданымыздың жастары қашанда көмек қолдарын созуға әзір. Жабырқаған жанды жұбату олар үшін перзенттік борыштары. Баспаналы болған Сәрсен ағаның қуанышына куә болып, бізде марқайып қалдық. Дәл осындай игілікті шара жыл сайын жалғасып, дәстүрлі үрдіске айналса нұр үстіне нұр болар еді. Енді “Өз үйім, кең сарайдай боз үйім” деп бақытқа кенелген отбасы жайлы әңгімені шиырлатпай, кендір жіптей тарқатайын.

Сарсен Мұхамеджанұлы А.Байтұрсынұлы ауылының тумасы. Аудан орталығына көшіп келгеніне де біраз жыл болды. Белсенді жастардың арқасында Жангелов  көшесінің тұрғынына айналды. Жұмыссыздыққа  тіркеліп,  қаңтар айына  дейін  жұмыс  жасаған,  қазір жұмыссыз. Отанасы  Торғай ауылы әкімдігінде  еден  жуушы болып  қызмет жасайды.  Екі  қыз  тәрбиелеп отыр. Жұмыспен қамту  орталығы  арқылы көмек алып келеді. Мемлекеттен  берілетін  жәрдемақыны  осы  жылдан  бастап  алатын  шығармыз деп  үмітпен  қараған отағасы, жұмыссыздықтан да  жұмыс  күтіп  отырғанын  сөз арасында  айтып  қалды. Сондай-ақ,   қандай жұмыс болса да  арланбай істейтінін тілге тиек етті.

“Қазір паналайтын  өз  баспанамыз  бар, қуаныштымыз. Елдің  жастары  осындай  бірлігі жарасқан  еңбекқор, қамқор болып  өсіп келе жатқаны мені  қуантады.  Бізге қол ұшын  созып, көмек  көрсеткен  әрбір жанға  ризашылығымды  білдіремін. Әр бастаған  істеріңізге береке  берсін,”- дейді  Сарсен Ахметжанов.

Ерікті  жастардың  жасаған ерлігі. Алдағы  уақытта  да осындай  үлкен  істердің  басы  қасынан  табылады  деген сенімдеміз. Бастаған  істі соңына  дейін  жеткізіп нәтижесін  көрсетіп,  үлкен кісілерден бата  алу  кез-келгеннің  қолынан келетін іс емес.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.