Шиліліктер туған жерді сақтап қалудың жолында

Биыл оңтүстіктен екі отбасы көшіп келді.

Ауылдың түтінін өшірмей, туған жердің болашағын сақтап қалу үшін Шилі ауылының тұрғындары соңғы жылдары белсенді әрекет етіп келеді. Сыртқа үдере көшкен жұртты кері шақырып, жаңа отбасыларды қоныстандыру арқылы ауылды жандандыруға күш салуда.

Осы ауылдың тумасы, ақсақал Ахат Әбілғазин туған жер тағдырына бейжай қарамайтынын айтты:

«Мен 1951 жылы осы жерде дүниеге келдім. Ел көшкенде мен туған жерімде қалдым. Балаларым қалада болса да, өзім ауылда қалуды жөн көрдім», – дейді ол.

Ақсақал ұзақ жыл шопыр болып, кейін 17 жыл жедел жәрдем көлігін жүргізіп, ауыл қызметіне еңбек сіңірген.

Оның айтуынша, соңғы жылдары ауылға қайта қоныстанушылар көбейген. Оларға ауыл тұрғындары тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.

«Көшіп келген отбасыларға мал береміз, отын-суын қамтамасыз етеміз. Осындай қолдау болмаса, ауылды ұстап тұру қиын», – дейді ақсақал.

Сол қолдаудың нәтижесінде жақында Түркістаннан келген Тұрғанай Нәлібекова отбасы Шиліге қоныстанды.

Жеті баланың анасы жаңа ортаға тез бейімделіп, ауыл тіршілігіне араласып кеткен. Бұған дейін медицина саласында қызмет еткен ол қазір жергілікті медициналық пунктке жұмысқа орналасуға дайындалып жүр.

«Ауыл адамдары жылы қарсы алды. Қиындық жоқ, керісінше қолдау көп. Балаларым да тез үйреніп кетті», – дейді ол.

Соңғы жылдары ауыл инфрақұрылымы жақсарған: жол жөнделіп, интернет тартылған, ауызсу мәселесі шешілген. Қайнекей Жармағанбетов атындағы мектеп де ауылдың негізгі тірегі болып отыр.

Мектеп директоры Дастан Абдуллин бізбен тілдескенде, ауылдағы оқушылар санын ұстау қалу үшін жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.

«Ауылдағы мектептің іргетасы осыдан алпыс жыл бұрын қаланған. Қазір бала саның көбейту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын ауыл халқының қолдауымен Қазақстанның басқа өңірлерінен отбасылар көшіріп әкеліп жатырмыз. Былтыр екі отбасы көшіп келді. Жақында ғана Түркістан облысынан бір отбасын жеті баласымен көшіріп әкелдік. Тұрғындар жыл сайын көшіріп әкелген отбасыларға мал және ақшалай көмек беріп отырады. Ал ауылдың шаруа қожалықтары көшіп келгендерге екі жылдық отын сумен, малдарына жем-шөппен көмектеседі», – дейді Дастан Абдуллин.

1966 жылы құрылған елді мекендегі мектеп жабылып қалмау үшін осында туған, осы ауылдан түлеп ұшқан азаматтар 2021 жылдан бері арнайы қоғамдық қор құрып, ауылға көшіп келгісі келетін азаматтарды өздері іздестіруде.

«Көшіп келген отбасыларға мал береміз, отын-суын қамтамасыз етеміз. Биыл ауылға тағы төрт отбасыны көшіріп әкелу жоспарланып отыр», – дейді ол.

Бұрын Шилі мал шаруашылығын негіз еткен үлкен ауыл болған. Жерінің кеңдігіне қарай бұл өңір Бас Шилі, Орта Шилі, Аяқ Шилі деп үшке бөлініпті. Заманында үш жүзге жуық түтінне қазір қырық бес шаңырақ қалыпты. 250 адам мекен етіп отыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – автор

Редактор

Recent Posts

Как живут жители села Колкамыс, который в 2022 году пострадал от наводнения?

Село Колкамыс от Костаная находится в 600 км, от районного центра Торгай - в 80…

21 минута ago

Почему жители Торгая не попадаются на уловки мошенников?

Или о том, как казахский язык помогает в борьбе с интернет-преступностью. Об этом пишет "ТоболИнфо".…

2 дня ago

 «Өнеріміз саған, Қазақстан!» Торғай төрінде

Жанкелдин ауданында XXXVIII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздар байқау-фестивалі жоғары деңгейде өтті. (далее…)

4 дня ago

Торғайда қазақы салтты ұстанған Светлана

Қарғалы ауылындағы бірлік пен татулықтың жарқын үлгісі. (далее…)

5 дней ago

Торғай төрінде «Кеңшілік оқулары» ұйымдастырылды

Жыр сайысы болашақта ірі әдеби жобаға айналмақ. (далее…)

5 дней ago

This website uses cookies.