«Шежірелі өлке-Торғай» жобасы өз жалғасын табуда

Алдағы уақытта экскурсия Қалам –Қарасу және А.Байтұрсынұлы ауылдарында  жалғасады деп жоспарлануда

Өткен аптада Торғай елінің жастары Ақшығанақ ауылына барып, Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабековтың мұражайын тамашалады.

Ақшығанақ ауылының тумасы ақын Кеңшілік Мырзабекұлына арналған 1990 жылы ауыл орталығынан Ақуат Нұрмахановтың ұйымдастыруымен мұражай құрылған болатын. Мұражай орналасқан ғимараттың жарамсыз болуына байланысты 2017жылы Қ.Топаев атындағы орта мектебіне «Кеңшілік Мырзабеков» бөлмесі болып көшірілді.

Пендеміз ғой біз, пенделікті егер сөз қылсақ,

Сені де кейде үркіткен кездер болып жүр.

Елеме оны, қасиетті құсым, көз жұмсақ,

Қабірімізге құрғатпай келіп қонып жүр.- деп жырлап өткен ақынның мұражайында ақын тұтынған заттары: сағаты, күнделігі, бешпенті, ақынның ағаштан жасалған құрал-бұйымдары, шабытына кеңеліп өлең жазған үстелі, т.б. көне заттары ескерткіш болып сақталған. Сонымен бірге ақынның балалық шағынан ата-анасы, отбасымен бірге түскен, студенттік өмірінен сыр шертетін суреттері ілінген. Сондай-ақ газет беттерінде жарық көрген мақалалары мен қаламгер ақын жазушылардың естелік кітаптары орналасқан. Ақынның тайқұлындай тебісіп бірге өскен құрдасы, ақын Серік Тұрғынбекұлының 50 жылдық мерей тойынан сыр шертетін фото-суреттері бар. Мұражайды аралау сәтінде ақынның өмірбаяны, отбасы жағдайы туралы Қаражан Топаев орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қымбат Жүнісова таныстырды. Жол жөнекей жастар Жәнібекұлы Дәуітбай Тархан және Шақшақ Көшей Қошқар ескерткіштерін тамашалады. Жастар алдағы уақытта осындай жобалардың жиі өтуіне тілек білдірді. Экскурсия келесі кезекте Ақкөл, Қалам -Қарасу, А.Байтұрсынұлы ауылдарына  жоспарлануда.

Гүлдана ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ,

Жангелдин ауданы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.