Жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнир өтті

Үлкен бәсекеде былғары қолғап шеберлері намысты қолдан бермеді

Балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен, күні кеше ауданымыздың спорт саласына өзіндік үлесін қосқан спорт майталманы, марқұм Жұмабек Мешітбайұлының құрметіне арналған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық тунир өтті.

Бұған дейін ауданаралық, аймақтық біріншіліктер үш мәрте өткен болатын. Алғаш рет өткен облыстық турнирге Наурызым, Амангелді аудандарының және Арқалық қаласының жас былғары қолғап шеберлері қатысып, жанкүйерлердің қолдауына ие болды. Ал, біздің ауданымыздың намысын қорғаған жас боксшыларымыз бұл бәсекеде ешкімге есе жіберген жоқ. Бұл спорт түрі ауданымызда кенжелеп барып дамысада шаршы алаңда шалдықбай қолғап түйістірген жерлестеріміз, бокстың қыр – сырын жақсы меңгерген. Осы орайда бокс бөлімшесінің жаттықтырушысы Ғабит Қапсамтовтың еңбегін ерекше атап өткеніміз жөн. Ол спорттың осы түріне жан – тәнімен беріліп, шәкірттер тәрбиелеп, биік белестерді бағындыруына себепші болды. Келешекте Ғабит Мейрамұлының арқасында Торғай жерін әлемге танытатын боксшылар шығатынына еш шүбәміз жоқ.

Үш күнге созылған жарысқа қайта оралатын болсақ, жалпы осы турнирге 100 – ге жуық қатысқан жас боксшылар әр салмақ дәрежесі бойынша рейнгте қолғап түйістірді. Ақтық бәсекеге жолдама алған балғын боксшыларымыз бұл жолы ширақ қимылдап, намысты қолдан бермеді. Қысқасы, әр салмақ бойынша мықтылар анықталып, жеңіс тұғырына көтерілді. Облыстық турнирге Жұмабек  Мырзағалиевтің балалары мен бауырлары қаржылай демеушілік жасап, мәрттік танытты. Жарыс соңынан сөз алған Жұмабек ағамыздың немере інісі Жанболат Мырзағалиев бокстан облыстық турнирді жыл сайынғы дәстүрге айналдырамыз деп тілге тиек етті.

Сондай – ақ, Арқалық қаласынан және Амангелді, Наурызым ауданынан келген жаттықтырушыларға 20 000 теңге қаржылай демеушілік жасады. Жерлесіміз Ғабит Қапсаматовқа 50 000 теңгені табыстап, шексіз ризашылығын жеткізді. Марқұм Жұмабек ағамыздың бауыры Ғауез Әбеуов жарыс барысында ерекше көзге түскен жас боксшыларға отбасының атынан ақшалай сыйлық тапсырды. Жеңімпаз балғын боксшылар арнайы кубокпен, грамоталармен, медалдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, «Жас боксшы», «Жеңіске деген жігері үшін», «Үздік боксшы» аталымына ие болған жас боксшыларға лайықты құрмет жасалды.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.