Шағын орталық ашылды

Мемлекеттік  бағдарламаның  шарапаты

“Ауыл ел бесігі” және “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламалары  бойынша ауданымызда 8 жоба жүзеге асып отыр. Соның бірі Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі жанындағы “Толық күнді шағын орталық” пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Республикалық, аудандық бюджеттен бөлінген қомақты қаржы игеріліп, сапалы құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ендігі игілігін кішкентай бүлдіршіндер көреді. Тұңғыш Президент күні  мерекесі қарсаңында ашылу салтанаты болды. Шағын орталықтың лентасын аудан әкімі Шота Оспанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов қиды.

Аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің жарқын болашағы саналатын бүлдіршіндер үшін салынған ғимарат екендігін айтты. 20 жылдан астам қаңырап бос тұрған екі қабатты нысан кәдеге жарағандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары басталғаннан аяқталғанға дейін үлкен жауапкершілікті мойнына алып, құрылысшыларға басшылық жасаған Талғат Жангеловке ризашылығын білдіріп, еңбегін бағалап, алғыс хатпен марапаттады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетұлы  ізгі тілегін арнады. Айтылған ұсыныс – пікірлерді елеп ескерген аудан әкімдігіне алғысын жеткізді. Карантиндік шектеулерді сақтай отырып, шақырылған санаулы ғана жергілікті билік өкілдері мен халық қалаулылары ғимараттың ішін аралады. Бәрі де талапқа сай. Асхана қажетті заттармен толық қамтылған. Жатын бөлмелері жаңа төсек орындарымен жабдықталған. Әжетхана, жуынатын бөлмелер бүлдіршіндердің бойларына шақталған. Толық күнді шағын орталық 75 балаға арналған. Бірақ, карантиндік шектеулерге байланысты әр топта 15  баладан ғана болу шартын сақтап отыр. Оның сыртында қысқартылаған 4 топ бар. Қазіргі таңда 19 адам жұмыспен қамтылды. Кейін штаттық кестеге сәйкес қосымша 3 адамды жұмысқа алатын болады.

Шағын орталықтан балалар оқу үйреніп, ән – биге машықтанады.   Бүлдіршіндердің  зердесін  ашар мұндай орталықтардың  бала тәрбиелеуде маңызы зор.  Балалықтың балдәурені балабақшадан басталады. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесін тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелейді. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.