Сезінгенге жауапкершіліктің жүгі ауыр

Жергілікті “Біздің Торғай” газетінің әр санын қалдырмай оқитын оқырмандар бар деп айтқанда күмәнмен қарайтынмын

Мен қатты қателескенімді енді түсіндім. Күмәнмен қарауымның өзі бекершілік екен. Редакциямызға қоңырау шалып,  2020 жылдың 24 қараша күні шыққан №47 нөмірлі газетті сұраушылардың саны күн санап көбейіп келеді. Мүмкіндігінше ол кісілерге түсіндіргендей болдым. Ал, газетті сұрамай бір келер деп отырған оқырмандарға түсінікті болу үшін баяндап берейін. Аудандық газеттің таралымы – 1300 дана.

Оны жергілікті Қазпошта оқырмандарға таратады. Осыған орай қағаз жүзінде екі жақты келісім шарт бар. Бірақ, мен айтқан газеттің кезекті санынан 569 данасы оқырмандарға таратылмақ түгілі поштаға келмеген. Осы мәселенің анық қанығын білу үшін аталған мекеменің басшысына хабарластық.

Мән – жайды айтып едік, “Редакция мен Қазпоштаның арасында соңғы үш жылда келісім шарт болмаған. Біз ағайыншылап алып келіп жүрміз. Ақшасы төленген газеттер уақытылы және арнайы сары қағазбен оралып, төрт жерден буылып келеді” деп жауап берді.  (Мына суретке қарасаңыз сары қағазға оралған газет көрмейсіз.) Лезде облыс орталығындағы басшылыққа хабарласып, келісім шарт жоқтығын айтып едім, пошта басшысының берген мәліметі жалған болып шықты. Себебі, 23 қазан 2020 жылы облыстық пошта арқылы “Қостанай – Медиа” жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұл қазіргі таңдағы газетіміздің меншік иесі) екі жақты келісім шартқа отырған. Облыстық Қазпошта филиалы басшысының орынбасары Қайрат Сағадиев барлық газеттер түгенделіп, тиісті жерлерге жөнелтілгендігін айтты.

Кейін бейнебақылау камерасынан қайта қарағанда базада (газет сақтайтын орын) артылған газет қалмағандығын жеткізді. Дәлелді дәйекке көз жеткізген соң пошта басшысына 3 желтоқсан  2020 жылы жазбаша түрде сұраныс қағаз жіберіп, жоғалған газеттің себебін түсіндіруін талап еттім. Міне, содан бері хатта жоқ, хабарда жоқ. Әкімшілік ғимараттың іргесінде тұрған мекемеден жете алмай жатқан жауап хаттан бізде үмітімізді үздік.

Байбатыр  АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.