Сақтық шаралары қамтылды

Биыл қыс жайлы болды. Былтырғы жылға қарағанда қар көлемі де аз. Бірақ, ауа – райының күрт жылынуына байланысты көбік қар суға айналып, ауыл тұрғындарының мазасын қашырды

Себебі, көтерме жолдардың аласа жерінен қар суы сусып өтіп, жыраға айналдыруға шақ қалды. Осыған орай аудан әкімі Шота Оспанов төтенше жағдайлардың алдын – алу үшін жауапты мекемелерге бірқатар тапсырмалар берді. Олар ауыл, ауылдық округтерге қатынайтын маңызды жолдарды жіті қадағалап отыр. Өткен жолы “Faccebook” әлеуметтік желісі арқылы әуезқой блогерлер “Шеген ауылының көтерме жолын су жырып жатыр” деп жарияға жарсалды. Елдің атқа мінер азаматтары, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері барып, төніп тұрған қауіпті сейілтті. Шындығына келгенде, байбалам салып, үрей тудыратындай жағдай емес. Қырдан жылғалап аққан қардың суы жолдың ернеуіне дейін жеткен. Желдің күшімен толқындаған су көтерме жолдың үстімен екінші бетіне қарай жәйлап – жылжып ағып жатыр екен. Сонымен қатар, Қызбел ауылдық округі сулы елді – мекендердің бірі. Қоңыраулы өзенінен тасыған судың қарқыны қатты болса Саға ауылы  орама көлдің ортасында қалады. Шабындық суға толады. Бұл ауылдың да көтерме жолы қауіп төнуі әбден мүмкін. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, коммуналдық шаруашылық кәсіпорынның техникалары жұмылдырды. Камаз автокөлігімен құм төгіп, су тоқтату  жұмыстарын жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов, аталмыш ауылдық округтің әкімі Қайсар Нұрғазин күні – түні басында жүріп, жұмыстың сапасына көңіл бөлді. Сондай – ақ, су басу қауіпі бар елді – мекендердегі шаруа қожалықтары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Олар қазіргі таңда үнемі жергілікті билік өкілдерінің назарында.

“Күн жылып, өзен бетіндегі мұзда сөгілді. Енді балық алуға тиым салынады. Осыған көндіккен ләзім. Әйтпесе, адам өміріне қауіп төнуі әбден мүмкін. Өзен жиектері саз балшық. Абайсыз аяқтарыңыз тайып кетсе, оқыс оқиғаға тап боласыздар. Балаларыңызды өзенге жібермеңіздер. Өрістегі малдарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Қытымыр қыстан қысылып шыққан төрт түлік әлсіз болады. Күнделікті “WhatsApp”  желісінен суға батып жатқан малдарды  жиі көріп отырсаңыздар да немқұрайлылықпен қарайсыздар. Өз – өзімізге жанашырлық танытып, тәртіпке бағынайық”, – дейді төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Тағы бір айтпағым, көктем айы келді. Аудан, ауыл, ауылдық окургтар бойынша сенбілік жұмыстар басталды. Орталық көшелерді абаттандыру, көгалдандыру кезең –кезеңімен жүзеге асатын болады. Жергілікті тұрғындар сенбілікке тек мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық кәсіпорындардың қызметкерлері жауапты деген ойдан арылған жөн. Керсінше, жұдырықтай жұмылып, тазалық мәселелеріне көңіл бөлсе, елдігіміздің және бірлігіміздің айғағы болар еді. Қыс бойы жиналған күл – қоқыстар уақытылы шығарылып, арнайы орындарға төгілгені жақсы. Әлем елдеріне тараған жұқпалы індет әлі сейілген жоқ. Аулаларды санитарлық талаптарға сай тазалаған жөн. Себебі, үй маңындағы қоқыстан шыққан жағымсыз иістер адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Қазір Құдайға шүкір технология дамыған ғасыр. Тұрмыстық қатты қалдықтар адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін білгіңіз келсе, интернет желісінен оқып алуларыңызға мүмкіндік бар.

Байбатыр  АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Кого освободят от сдачи декларации в 2025 году?

Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)

2 дня ago

This website uses cookies.