Саға ауылында күзде «Жастар саябағы» пайдалануға беріледі

Саға ауылының тумалары «Туған жерге тағзым» жобасы аясында ауыл орталығын қалыпқа келтірді

М.Дулатов орта мектебінің 13 түлектері, 1964 жылғы туған азаматтар «Жастар саябағына» құны 300 мың теңге тұратын 6 орындық және 500 мың теңгеге орталық көшеге тас төсеніш төсеп, 40 түп қара ағаш егіп, абаттандыру жұмыстарын жасады. Ал, 1966 жылғылар 405 мың теңге қаржылай көмек берді. Ел перзенттері, аға буын өкілдерінің игілікті ісін жалғастырған 1976 жылғы тумалар «Қош келдіңіздер!» стелласына қыран бүркіт бейнесін орнатты. Қаржы көлемі 300 мың теңге. 1979 жылы туған азамат – азаматшалар 1 млн теңгеге екі әткеншек және ауыл жастары серуендейтін орын жасап берді. Күз айында «Жастар саябағы» толығымен пайдалануға беріледі деп күтілуде. 1973 жылы туған елжанашырлары ауыл жастарына арнап, 8 млн теңгеге «Волейбол» ойын алаңын салып береміз деп уәде беріпті.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.