Қос байқаудың қорытындысы шықты

Жүлдегерлер грамота мен ақшалай сыйлықтарға ие болды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасының аясында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауылым – әнім» ән байқауы және «Бабалар үні» қобызшылар арасында аймақтық байқау өтті.

Байқау үміткерлері әуезді әндерімен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Ал, қобызшылар Қорқыт бабамыздан қалған дәстүрді сабақтастырып, қобыздың қоңыр үнімен ән әуендерін нақышына келтіріп орындап, құлақ құрышын қандырды. Қысқасы, әншілер мен қобызшылар бақтарын сынап, саусақпен санарлықтай көрермендерге жақсы көңіл – күй сыйлады.

Қазылар алқасының ұйғарымымен ән байқауының  қорытындысы бойынша бірінші орынды мендіқаралық Қанат Ражанов жеңіп алды. Екінші орынды Федоров ауданының әншісі Жанар Ілиясова иеленді.  Ал, үшінші орынды Арқалық қаласының өнерпазы Нұрбол Әбдіғалымов және көршілес Амангелді ауданының әншісі Асылхан Дүйсенханов теңдей бөлісті. Сондай – ақ, облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысының арнайы сыйлығымен Алтынсарин ауданының күміс көмей әншісі Гүлбақыт Жаңбырбаева, қобызшылар байқауының жеңімпазы Динара Мырзахметова «ҚР Мәдениет саласының үздігі, қобызшы Батырбек Байназаров» атындағы жүлдеге қол жеткізді. Байқау жеңімпаздары грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.