Categories: Новости

Ауданымызда ескерткіш  тақта қойылды

Ол дүниеден өткен полиция қызметкерлеріне арналды

Жангелдин аудандық Полиция бөлімінің және аудан әкімшілігінің, Ұрпақтар сабақтастығы, тәрбиелік, патриоттық іс-шарасы шеңберінде қызмет бабында қаза болған және дүниеден өткен полиция қызметкерлерін есте сақтау, сонымен бірге жас ұрпаққа отансүйгіштік тағлым мақсатын көздеген ескерткіш тақта қойылды.

Іс-шараға  аудан әкімінің  орынбасары Роза Аққалиева,  мекеме-кәсіпорны басшылары, Торғай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы  Жылқыбай Бәкіров, Аудандық  полиция бөлімінің ардагері  Құдайберген Әміржанұлы, мектеп оқушылары  және  жергілікті тұрғындар  қатысты. Қазіргі таңда  полиция департаменті  жас ұрпақты  Отанға лайықты  қызмет ету рухында  патриоттық  тәрбиеге ерекше  көңіл  бөледі. Жастар  Халық қаһарманы  Ғазиз Байтасов пен  Шалқар  Ақымғалиевтің ерліктері  мен  жанқиярлығын үлгі  тұтады. Бұған  дейін  облыстағы бес ауданда  осындай  ескерткіш ашылған болатын. Ескерткіш Жангелдин  ауданының  полиция  бөлімі мен   аудан  әкімшілігінің  мұрындық  болуымен орнатылды.

«Бұл  ескерткіш  тақтасы-ержүрек әріптесімізге  деген  шексіз  алғысымыздың  дәлелі. Полиция  қызметкерлерінің  өз  ісін  жақсы  көруі  және  нағыз  кәсіби  болуы  маңызды. Облыста  қызметтік  борышын  орындау кезінде  42 полицей  көз  жұмды, оның 11-і қылмыскерді ұстау  кезінде ажал құшты»,-деп атап  өтті полиция  департаменті арнайы  жұмылдыру  дайындығы  басқармасының  бастығы  Ерлан  Мусин.

Ішкі  істер органдарның  ардагері  Құдайберген Әміржанұлының  айтуынша,  Жангелдин ауданы  үшін  ескерткіштің ашылуы ешкімді бей-жай  қалдырмайды. Өткенді еске алу –бұл  бүгінгінің ісі. Бұл жас ұрпақты  құрмет пен  патриоттыққа  тәрбиелеудің  ғажап  үлгісі.Артынша,  іс-шара  жергілікті  өнерпаздардың   дайындаған  концерттік  бағдарламасымен  жалғасты.

«Біздің Торғай»

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

22 часа ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.