Жүлдегерлер грамота мен ақшалай сыйлықтарға ие болды
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауылым – әнім» ән байқауы және «Бабалар үні» қобызшылар арасында аймақтық байқау өтті.
Байқау үміткерлері әуезді әндерімен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Ал, қобызшылар Қорқыт бабамыздан қалған дәстүрді сабақтастырып, қобыздың қоңыр үнімен ән әуендерін нақышына келтіріп орындап, құлақ құрышын қандырды. Қысқасы, әншілер мен қобызшылар бақтарын сынап, саусақпен санарлықтай көрермендерге жақсы көңіл – күй сыйлады.
Қазылар алқасының ұйғарымымен ән байқауының қорытындысы бойынша бірінші орынды мендіқаралық Қанат Ражанов жеңіп алды. Екінші орынды Федоров ауданының әншісі Жанар Ілиясова иеленді. Ал, үшінші орынды Арқалық қаласының өнерпазы Нұрбол Әбдіғалымов және көршілес Амангелді ауданының әншісі Асылхан Дүйсенханов теңдей бөлісті. Сондай – ақ, облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысының арнайы сыйлығымен Алтынсарин ауданының күміс көмей әншісі Гүлбақыт Жаңбырбаева, қобызшылар байқауының жеңімпазы Динара Мырзахметова «ҚР Мәдениет саласының үздігі, қобызшы Батырбек Байназаров» атындағы жүлдеге қол жеткізді. Байқау жеңімпаздары грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Тарихи тойдың өтуіне де аз уақыт қалды (далее…)
Елеулі еңбек ескерілді (далее…)
Халық үніне құлақ асу басты мақсат Жанкелдин ауданына Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясының…
Жанкелдин ауданында аудан орталығындағы 5көшеге асфальт салу және 5 км жерге тратуар орнату жұмыстары қарқынды…
Ұлы ақынның есімі ұлықталды (далее…)
Сыңға қалып, сағымыз сынбасын (далее…)
This website uses cookies.