Nur Otan партиясының конференциясы өтті

Депутаттыққа үміткерлер анықталды

Н.Ахметбеков атындағы  мәдениет үйінде өткен Nur Otan партиясы ҚБ Қостанай облысы Жангелдин аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясына Nur Otan партиясы Жангелдин аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шота Оспанов төрағалық жасады.

Алдымен Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Конференция жұмысы басталмас бұрын Nur Otan партиясының ХХХ кезектен тыс конференциясының күн тәртібі бекіді.  Жангелдин аудандық Nur Otan партиясының Сайлауалды бағдарламасын бекіту ұсынылды. Қостанай облыстық мәслихаты мен Парламент Мәжілісіндегі партиялық тізімге енгізу үшін пікірсайыстардың нәтижелері бойынша кандидаттарға дауыс беру мәселесі түсіндірілді. Nur Otan партиясынан Қостанай облысы Жангелдин ауданының мәслихат депутаттарын сайлау үшін партиялық тізімді бекіту назарға алынды. Аудандық Сайлауалды штабының басшысын тағайындау және Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы ұсыныстар айтылды.

Облыстық  мәслихат  депутаттығына  үміткер депутаттар  Серік Нұрғазин, Манат Карбозов, Гүлбану  Сәрсекеева, Талап Елеутов   өзара пікірсайысқа түсіп, сайлауалды  бағдарламаларымен таныстырды. Келешекте  сайлаушылардың үмітін ақтап, бағдарлама бойынша жүйелі  жұмыс жүргізетіндігін айтып, сенім білдірді. Сондай-ақ, ашық жария өткізілген пікірсайыс нәтижелері бойынша конференция делегаттары дауыс берді. Делегаттарының көп дауысына  ие болған Манат  Кәкімжанұлы мен  Гүлбану  Құлетқызы облыстық   мәслихат  депутаттығына  үміткерлікке өтті.

Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін тиісті қаулы қабылданды.  Жангелдин аудандық мәслихатына Nur Otan партиясынан атынан 20 үміткердің тізімі енді. Аталмыш конференция жұмысының барысы әлеуметтік желіден тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Аягөз  ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.