Еліміздің мақтанышы

Үздік төс белгі иегері атанды

Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асыл Әуезхан «Спорт жұлдыздары» журналының жүлдесі үшін  жалпы ұстаздар арасында тоғызқұмалақтан өткен республикалық турнирде жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар,  «Спорт жұлдыздары» журналы редакция алқасының шешімімен «Үздік дене шынықтыру пән мұғалімі» төсбелгісімен наградталды.

Асыл Жақанқызы Сарысу негізгі орта мектебінің түлегі. 2019 жылы Арқалық қаласының Педогогикалық институтын тәмамдаған. Бүгінде тоғызқұмалақтан мектеп оқушыларын дайындап, жоғары жетістіктрге жетіп келеді. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде мектепшілік, аудандық байқауларға қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізген. Мәселен, «Торғай өңірінің байлықтары» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, облыстық байқауда 3 орынды иеленген. Аудандық, обылыстық пән аралық олимпиадалар жеңімпазы. Үздік оқушы атанып, «Қазақстан үміт артар» баспасынан шыққан кітапқа есімі жазылған. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты дәріптеп, Торғай жерінің даңқын Республика жұртшылығына танытқан ел мақтанышы. Ел болашағы жастардың қолында. Ұлттық ойынымыздың дамуына үлес қосқан әр ұрпақ, біз үшін бір төбе.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік  университетінің журналистика 

мамандығының 1 курс студенті

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.