Үміткерлердің талабы таудай

Білімді ұрпақ еліміздің болашағы

“Елбасы медалі”  Қазақстанның  балалары мен жастарына бағытталған  жоба. Аталған жобаның негізгі мақсаты, өзін -өзі дамыту мен қалыптастыруға,  қабілеті бар  жас буын тәрбиелеу бағытталған.

“Елбасы медалі” табыстың жеті  бағыты. Қорамсапқа салынған жеті жебе іспетті. Әр жебенің өзіндік мағынасы бар. Бірінші және екінші  жебеде оқушылар спорт пен дене шынықтыруды дамытса,  үшіншісінде  дарын мен дағды,  төртіншісінде ұлттық мұра,  бесінші жебеде  волонтерлік, алтыншы туристік сапарларға аттанып,  жетінші жебеде  еңбек тәжірибесін арттырады. Әр жебенің тапсырмасын орындаған сайын оқушылар жауапкершілікті түсініп, тапсырманы  уақытында орындайды. Бұл жоба жылдың ең үздік жобасы.  Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы  Олжас Ғабдімәлік    пен  10 сынып оқушысы Бекзат Әмірхан өз білімдерін сарапқа салып, бақтарын сынауда. Олжас Ғабдімәлік “Қола медаль” деңгейін  5 ай бойы  өтіп, соңғы айдың мерзіміне табан тіреді. Қазіргі таңда Олжас  қазақ әдебиетінің алтын қоры, әлем әдебиеті мен  тұлғаны дамытуға арналған кітаптар оқып, шахмат ойынының қыр сырын меңгеруде. Оның ендігі мақсаты 6  ай бойы еңбегінің нәтижесі  “Елбасы медаліне” ие болу. Ал Бекзат Әмірхан  “Күміс медаль” деңгейінің  4 айлық кезеңінен сүрінбей өтті. Ол  өзін “Волонтерлік” және  қазақ әдебиетінің алтын қоры, әлем әдебиеті мен  тұлғаны дамытуға арналған кітаптар оқып, шыңдауда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  қорының  бас демеушілігімен өтіп жатқан  жылдың ең үздік  жобаларының бірі “Елбасы медалі” жобасына қатысып жүрген Олжас пен Бекзатты мақтан етеміз. Оқушыларымызға  сәттілік тілейміз.

Шынар ҒАББАСОВА

Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектебінің мұғалімі 

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.