Жангелдин аудандық мәслихатының депутатығына үміткер Серік Нұрғазин Ақшығанақ ауылдық округіне барды. Алдымен, ауыл “ақсақалы” Сәбит Байназаровтың шаңырағына ат басын тіреді.
Елағасына айналған қарттың амандығын сұрасты. Артынша көп балалы аналар мен жеке кәсіпкерлердің үйлерін аралап, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың атынан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сонымен қатар, Қ.Топаев атындағы мектеп ұжымымен және аудан ардагерлерімен кездесті. “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағадарламарын және күні бүгінге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталды.
“Бұл партия алғашында 1999 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Отан” партиясы болды. 20 жыл бойы халықтың басым дауысына ие болып келеді. Осы жылдар ішінде: ел Тәуелсіздігі мен дамуының символы-жаңа Елордамыз бой көтерді, Мемлекетіміз демографиялық дағдарысты еңсерді,”-деді Серік Бағдаұлы.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен партияның “Biz birgemiz” акциясы жүзеге асып келеді. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, I және II топ мүгедектігі шектеулі жандарға, жалғыз басты ана-әкелерге антисептикалық құралдар және азық-түліктер жеткізді. Елбасы бастау берген “Biz Birgemiz” қоғамдық қоры пандемия кезінде көмекке зәру отбасыларға қаржылай көмек берді. Аталған көмекпен аудан көлемінде 368 адам қамтылды. Оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұялар, жетім балалар мен тыл ардагерлеріне көмек көрсетілді.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
Өнегелі өмір ұрпаққа аманат (далее…)
Тиянақты түсінік жұмыстары (далее…)
Ауылым – алтын бесігім (далее…)
Ауылда ауқымды құрылыс басталды (далее…)
Ауылдың сәні – елдің берекесі (далее…)
Освободят от сдачи декларации 90% работников частных структур, пенсионеров, домохозяек и студентов (далее…)
This website uses cookies.