Categories: Новости

Мамандығыңа деген сүйіспеншілік әрдайым бірінші орында тұруы керек

Менің өмірлік мақсатым шәкірттерімен терең білім мен тәлімді тәрбие беру

Адам өмірінің мәнді, болашағы жарқын ақ қанат армандарының биікке самғап, оның жүзеге асуы жолында маңызды әрекет-маманық таңдау. Мен 2015 жылы Ы.Алтынсарин қара шаңырағынан түлеп ұштым. Бала күннен қыз баласының жанына жақын ұстаз болуды армандаған мен « Арқалық қаласы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжін» «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша 2018 жылы тәмәмдадым. Алған білімімді туған жерге қызмет етуге жұмсау, одан әрі өзімді дамыту басты мақсатым болып табылды. Қазіргі таңда Н.Г.Иванов атындағы орта мектебінің шағын орталығының тәрбиешісі қызметін атқарып келемін.

Бала бойына білім нәрін сеуіп, олардың тәрбиесін дұрыс қалыптастыру ұстаздың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндердің  қолына қалам ұстатып, қиял-ғажайыпқа толы кіршіксіз ойларының дұрыс бағытта қалыптасуына себепші болып, қолымнан келгенше жұмыс жасаудамын. Өз білімімді жетілдіру  барысында «Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы» бойынша курстан өттім.

Ұстаздық қызметімді кеше ғана бастаған жас маман ретінде өзімді дамытуа үлкен мүмкіндік болды. Осы курста жаңартылған бағдарламаның түйінді идеяларын меңгердім. Ол жерде 25 жылдық өтілі бар ұстаздарда болды. Сол кісілермен тәжірбие алмасып, өзіме мол азық жинадым. Алған білімімізді алдымен екі апталық іс-тәжірбиеде қолданып, слайдпен қорғадық. Бұл курстың ерекшелігіде осында болды, алған білмімізді іс жүзінде дәлелдедік. Екі аптадан соң  курстан өткені жөнінде сертификатқа ие болдым. Жаңа бағдардарларманың түйінді идеяларын өз жұмыс жоспарыма еңгіздім. Осынадай жаңа жоспармен оқу жылы басталуда. Қазіргі уақытта білім беру мен тәрбиелеуде осы техникаларды пайалана отырып, жұмыс жандандырып келемін.

Алдағы уақытта күн сайын ізденіспен өз білімімді жетілдіруге күш жұмсау, жетістіктерге қол жеткізу менің мақсатым. Осы оқу жылы тәрбиешілер мерекесіне орай «Жангелдин ауданының білім бөлімінің»  басшысы Н.Сейдахметовтің қолынан «Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде кәсіби шеберлігі үшін» мараппатталдым.Ұстазар мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясы Жангелдин ауандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сүндетбаев  алғыс хат тапсырды. Мен үшін ұстаздық жолда үлкен жетістіктердің алғашқы бастауы деп білемін. Осылайша қызығы мен шышығы мол, жауапкершілікті талап ететін ұстаздық қызметімді атқарып абыроймен келемін. Алдағы уақытта Қазақстанның жас буын өкілдерін тәрбиелеуге өз үлесімі қосқым келеді.

Ұлжан МӘЛІКҚЫЗЫ

Н.Г.Иванов атындағы орта мектебінің

шағын орталығының тәрбиешісі

Редактор

Recent Posts

This website uses cookies.