Аудандық мәслихаттың депутаты Серік Нұрғазин  сайлаушыларымен кездесті

Ол алда орындалатын жұмыстардың жоспарын көпшіліктің назарына ұсынды

«Nur Otan»  партиясы Жангелдин аудандық филиалының ғимаратында №3 Нұрхан сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты Серік Нұрғазин  сайлаушыларымен кездесіп, атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс – пікірлердің дені өз шешімін тапқан.

Сондай – ақ, халық қалаулысы алдағы атқаратын жұмыс жоспарларын тілге тиек етіп, сайлаушылардың пікірлерін тыңдады. Барлық ұсыныстар бір мезетте орындалуы мүмкін емес. Уақыт еншісімен санасуды ұмытпағанымыз жөн. Мәселен, былтырғы жылы халық қалаулылары аудан орталығындағы бір қатар нысандарды аралады. Соның ішінде білім ордасының қара шаңырағына айналған Ы.Алтынсарин атындағы мектепке ат басын бұрып, ұстаздармен жүздесті. Сол арада ұстаздар қауымы интернет желісінен қиындық туып отырғандығын айтып, депутаттарға ұсыныс айтқан болатын. Арада айлар өтіп, бұл мәселеде түбегейлі шешімін тапты. Сондықтан айтылған ұсыныстар кезең – кезеңімен орындалып отырады. Сайлаушылар депутаттың атқарған жұмыстарына қанағаттанып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Орайы келген сәтті ұтымды пайдалана білген мәслихат депутаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жөнінде түсінік берді.

Бұл Жолдау өткенімізге баға беріп, келешектегі перспективаларымызды ашатынын және ұлттың рухани жаңғырудың бағдарламасы болып табылатынын айтты.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.