Ұлы ақынға арналған кеш

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына  арналған “Абай әлемі” атты  аудандық жыр мүшайрасы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын жастарға насихаттау және санаға сіңіру.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде ақынның «Қара сөздерін» жатқа айтып, екінші кезеңде ақынның шығармашылығын орындап бақ сынады. Аталмыш байқауға Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Қаратүбек, Ғ.Қайырбеков, Албарбөгет, Амангелді, Қ.Қайдосов орта мектептерінің және Сарысу негізгі мектебінің оқушылар белсенділік танытты. Осы байқауға «Біздің Торғай» газетінің бас редакторы  Байбатыр Ниязбекұлы, “Аудандық тілдерді оқыту” орталығының директоры Гүлім Мылтықбайқызы,  “Аудандық білім бөлімінің” әдістемешісі Жансая Серікқызы әділ төрелік жасады. Жарыстың негізгі талаптары орындаушылық шеберлілігі, сахна мәдениетін ұстану, ақынның шығармашылығын жатқа,мәнерлеп оқу болатын. Шыны керек, рухани құндылықты санаға  сіңіреміздеп келген көрермендер байқаудың төмен деңгейде өткендігіне қынжылды. Жарысқа қатысушылардың дайындығының аздығы тайға таңба басқандай көрініп тұрды. Оқушылардың өлеңді, қағазға қарап, нақышына келтірмей оқуы көңіл көншітпеді. Дайындықтың дұрыс болмауы дайындаған ұстаздан ба? әлде байқауға салғырт қараған оқушыдан ба? Қазылар алқасының көңілінен шықпаған байқау, жеңімпазды да анықтауға қиындық тудырды.

Сайыс қорытындысы бойынша “Албарбөгет атындағы орта мектебінің” оқушысы Қуанышбек Тоғжан III орынды иеленді. II орынды Байқауан Аққайың  «Қаратүбек орта мектебінің» оқушысы місе тұтты. Ал I орынды «Қ.Қайдосов атындағы орта мектебінің» оқушысы Мұрат Наурызбай  жеңіп алды. Қалған байқау үміткерлері арнайы номинациямен марапатталды.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

А.Байтұрсынұлы  атындағы  өңірлік

университетінің 1курс студенті

Редактор

Recent Posts

Қарабатырдағы ерекше мұражай

Ауыл тарихының алтын қазынасы. (далее…)

3 дня ago

Торғайдағы Ахаң ауылы

Ата қонысын сақтап келеді. (далее…)

5 дней ago

«Ең бастысы, дін аман» деп алғыс білдіреді науқастың жақындары

Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)

6 дней ago

Балық аулаудың қызығы ТОРҒАЙДА

Неге мұнда жан-жақтан ағылады? (далее…)

6 дней ago

Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда. Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық…

7 дней ago

Жаңа белес, жаңа жауапкершілік

Әйелдер күштері альянсының алғашқы отырысы өтті. (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.