Ғасырлық тарихы бар басқарма

Биыл Қазақстанның мемлекеттік статистикасына 100 жыл!

8 қараша – қазақстандық статистика жүйесінің қызметкерлері үшін айтулы күн. Бұл мереке – ресми статистиканың экономика мен мемлекетті басқарудағы, қоғам қызметінің барлық салаларындағы рөлі мен маңыздылығын мойындаудың айғағы. Өзінің жүз жылдық тарихында статистика Мемлекеттік басқару, жоспарларды, мақсатты кешенді бағдарламалар мен болжамдарды әзірлеу қажеттілігін дәлелдеді.

Жангелдин ауданының статистика  басқармасының  ұжымын айтулы мерекелерімен аудан әкімі Шота Оспанов, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Ғабит Сүндетбаев, аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Бидашев арнайы құттықтап барды.  Аудан  басшысы Шота Сәбитбекұлы  бір ғасырлық  тарихы  бар    ұжымға  толағай  табыстар  тілеп, жылы  лебізін арнап, құттықтау хатын табыстады.

Аудан көлемінде  алғаш рет 2003-2008 жылдар аралығында  әр округ бойынша  бір стат  қызметкерлері жұмыс жасаған. Кейін, қысқартылып ауданда ғана  қалған.  Қазіргі  таңда  аудан орталығындағы  статистика  басқармасында  жүргізушіні  қосқанда  6 қызметкер  жұмыс  жасайды.  Статистика  атқаратын  қызметтердің  көп  бөлігі заман  талабына  сай  цифырландырылған. Тіпті  цифрландыру 10 жылда бір рет өткізілетін Ұлттық халық санағын да айналып өткен жоқ. Мәселен, sanaq.gov.kz сайтындағы “Online” режимде санақтан өту функциясы іске қосылған. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық халық санағын 2020 жылдан 2021 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік сататистика  туралы  алғашқы  заң  1992 жылы қабылданған. 1997 жылы  заңға өзгерістер енгізілді. Кейін  2010 жылы заңға жаңа өзгерістермен толықтырулар қайта қарстырылып, күшіне енген. Аталмыш заң  бүгінгі  күнге  дейін  қолданылып  келеді.

Жангелдин ауданының статистика басқармасы  ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Өңірдең әлеуметтік – экономикалық құбылыстармен өзгерістер туралы ақпараттарды жинақтап  және жариялау жұмыстарын сапалы әрі уақытында  атқаруда. Басқарма қызметкерлері 100 жылдық мерей тойын толағай табыстармен қарсы алып отыр. Жақсы қызметтері үшін  жоғары басшылық тарапынан  бірнеше мәрте марапаттарға ие болды. Соның бір дәлелі Жангелдин ауданның сатистика басқармасының басшысы Қанат  Әубәкіровтің  жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін мереке қарсаңында Қазақстан  Республикасның стратегиялық жоспарлау және реформалау  агенттігінің  ұлттық  статистика  биросының  “Статистика үздігі” төсбелгісімен нарградталды. Алдағы уақыттада статистика саласының қызметкерлері ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып қалтқысыз жұмыс  атқаратынына  сенімдіміз.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның статистика жүйесі әкімшілік-командалық экономика жағдайында қалыптасып әрекет етті және орталықтандырылған жоспарлау құралы болды. Экономикалық реформаларды дамыту, мемлекеттік билік, кәсіпкерлер, халық тарапынан ақпаратқа сұранысты кеңейту мемлекеттік статистиканы жүйелі қайта құруды қажет етті. Мұның нәтижесі – қазіргі заманғы технологиялық базаға негізделген жаңа статистикалық есеп жүйесінің пайда болуы. Экономиканың жаһандануы және әлемдік қоғамдастық елдерінің біріктірілуі ресми статистиканың дамуын жылдамдатты. Барлық деректер халықаралық деңгейде салыстырылуы тиіс, мемлекеттік басқарудың қажетті шарты осы.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

16 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.